Өлеңдер ✍️

  14.01.2022
  136


АЗАМАТ ҚАЖЫБАЕВ

* * *

Боз қырау шалып бұғаулық болған дәуірді,
Арайлы таңмен бастырып тастап дауылды.
Атойлап шыққан алғыр ерлердің екпіні,
Жаңғыртып жатты азаттық, деген, жан үнді.
Жастардың күші азаттық берген ұлтқа шын,
Еркін елдікті сақтай алмасақ жұртқа сын.
Жігері тасты құм қылып, мұзды жібіткен,
Ерлермен бірге ұстайық елдің тұтқасын!
Тәуелсіз елдің жастары менмін, мына біз,
Қазақтығымды жыр қылып өту мұрамыз.
Азаттығыммен күлімдеп тұрсын Күн-Абыз,
Төрінде біздер тұрамыз.
Жастықтың оты жалындап бойды шарпысын,
Жастардың күші көтеріп кетер тау мүсін.
Жасындай жастық аспанды тіліп өтпейме,
Жасыл жай дәурен даярлап қояр шалғы ісін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу