Өлеңдер ✍️

  14.01.2022
  203


НҰРСҰЛТАН ҚОЖАБЕКОВ

* * *

Мен жастарға сенемін, айбыны мол,
Жастары көп қазақтың байлығы мол.
Сарқылмайды сенімім ұланғайыр,
Топты жарып шықса да қай күні ол.
Мақтанамын ашық көк аспаныммен,
Бақыттымын шат көңіл достарыммен.
Ата-баба армандаған Тәуелсіздік,
Жетті бізге желтоқсан жастарымен.
Жастық шақтан басталар арман, мақсат,
Жастарыма керек емес жалған жақсы ат.
Жалын атып тұрмаса жас көздерден,
Байтақ жерге ие болған қалай қазақ.
Болашаққа бастайтын бүгінгімен,
Еңбек десе ерінбей түрілген жең.
Арманға жол бағыт алып жүре берсек,
Шығысымнан күн шығар күлімдеген.
Жасампаз талай сарай салынады,
Жастарға барша биік бағынады.
Қай белес болса-дағы дүниеде6
Таң қалдырар
əлемнің б
əрін
əлі.
Мен жастарға сенем, деп, Мағжан ақын,
Жас буынға сеніммен болған жақын.
Жайша емес сенімін білдіргені,
Ойлағаны шығар жұрттың болашағын.
Сенім болса көңілде маңыздысы,
Серік болар жақсылықтың бар ізгісі.
Өткеннің өсиетін ұмыт қылмау,
Бүгінгі жас ұрпақтың парыз ісі.
Бір болсақ алпауыт күш секілдіміз,
Самғасын кең құшақпен көгімде құс.
Мағжан атам жалғыз сенсе жастарыма,
Біз жастарға сенеміз, сенімдіміз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу