Өлеңдер ✍️

  14.01.2022
  329


КЕНЖЕТ МҰҚАҒАЛИ

Әпке

Білем, саған осы күнде тар көше,
Кеше жүрген екеуің.
Сенен асқан бақытсыз жан бар десе,
Сен сенбейсің, не етемін?..
Сүйіктіңді құшатұғын кең құшақ,
Сенде, жерде ғана бар.
Сенің сертті жүрегіңе белгі сап.
Енді ол жерді паналар.
Қабылдаған енді бөтен жан ғой, деп,
Сені кеше сыңарыңа қосқан үй.
Мойыныңда біздің тағдыр бар ғой, деп,
Мойыныңа асылады қос сәби.
Күлмек түгіл, кездеріңде аз көңілді,
Езуіңде болып алды еріншек,
Сені мазақ еткендей боп көрінді,
Күйеуіне еркелеген келіншек.
Сенің ғана жүрегіңнің аттасы ол,
Кеудеңді алған мекен ғып.
Сол кеткелі сыңар саған бақ та, сор
Бір басыңа жетерлік.
Бағың құлай сүйгендігің, сорың ше,
Жалғыздыққа жар болғаны өз басың.
Тағдыр осы, кім бақытты көрінсе,
Соның ғана көлдей ету көз жасын.
Суюгеде себеп іздер әлсізге,
Тәңір бұлай ауыр тағдыр жүктемес.
Ажалда алмас асқақ сезім бар сізде.
Енді сізге ұмытпауда түкте емес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу