13.01.2022
  176


Автор: Әлібек Асқаров

Жиналыстарда шешендердің сөздерін құлағымен ғана тыңдап, көзін әсте көтермей, үнемі қойын дәптеріне бірдеңе шұқылап жазып отыратын Мәлік Ғабдуллин бірде жазушы Мұхтар Мағауинге тағы бір тілдей хат жолдап жіберіпті:


 



“Мұхтаржан, сен шынайы ғалым едің,


Халқыңа еңбегіңмен мәлім едің.


Келесі бейсенбіде бір хабарды Жасар деп,


Келеді саған қолқа салғым менің.


Бұған қалай қарайсың?


Дай келісім!


 



 



Мәкеңнің бұл хатының мәнісі – келесі бейсенбіде көне әдебиет жөнінен бір баяндама жасап берсеңші деп інісі Мұхтарға өтініш жасаған екен.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу