Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  244


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ҚҰСТАР ҚАЙТҚАНДА

(Әні: Сағын Нұрқожаевтікі)
Гүл қадап мөлдір аспанөңіріне,
Сусылы қанаттардың ән шұбатып.
Қиқулай ұшқан құстар көңіліме
Барады сағыныш саз тамшылатып...
Жүрген шақ қайдасыңдарБақтарда ойнап,
 Ойыннан басқа жоқтай ғұмырда түк.
Бақытты,
Бал баллық шақтарды ойлап,
Бір сезім бара жатыр шымырлатып...
Неге екен,
Неліктен бұл толқығанымАлаңсыз шақтарымды іздедім бе...
Ысырып өзге күйдің мол тұманын,
Мөлдір саз мөлтектейді іздерінде...
Маусымның ұқтырады кезі нені,
Көп сурет елестейді таныс беттен.
Балалық шақ құстардай сезіледі,
Күз салқынын қалдыра алыс кеткен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу