Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  191


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

АСТАНАМ

(Әні Гүлнар Құлсариеванікі)
Тербесе сал самалы Сарыарқаның,
әпкендей туған жердің бар алқабын.
Астанам әуеніне үн қосады,
Атқызып сағыныштың жанартауын.
Қайырмасы:
Сарыарқа лебін
Жеткізген демің,
Тарихы – теңіз,
Астанам менің...
Жұлдызың жанды,
Сәулетті, сәнді
Астанам болыпЖасай бер мәңгі...
Астанам- жаратылған тұлғаң нұрдан,
Сан ғасыр Есіл бойын нұрландырған.
Аққайрақ тас-күмбездер өрнектері
Бойыңа сұлулығын шын қалдырған...
Көрсеткен қазағымның өр намысын,
Сен енді тәуелсіздік қорғанысың.
Ту болып тербелесің төбемізде
Халқымның Қазақ атты ожданы үшін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу