Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  94


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ӘКЕ

(әні Г.Құлсариеванікі)
Өзіңсіз бар ма сән,
Көркісің орданың.
Керексің әрқашан,
Қамқорым, қорғаным.
Қайырмасы:
Әкем деп білемін,
Өмірде тірегім.
 Алдымен арнаған,
Жылуын жүрегім.
Өсірген гүліңмін,
Ұл-қызың орманым.
Өнер мен білімнің,
Бағына жолдадым.
Жасай бер жаңғырып,
Үзілмей күлкі-әнің.
Қастерлер мәңгілік
Өрімдей ұрпағың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу