Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  152


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ЖАСАЙ БЕР, ЖАН АҒА

Әні Айтқали Жайымов
Ұқсаған шежіренің бұлағына,
Сөзіңнің сүйінемін құнарына.
Естілсе есіміңіз әр шалғайдан
Сырлы саз құйылғандай құлағыма.
Қайырмасы:
 Өсірген Арыс ана,
Жолыңның бәрі сара.
Мәңгілік Маңғыстаудай
Жасай бер Әбіш аға.
Білімің жігерінде күшіңде ерен,
Үлгісін жаңа елдің мүсіндеген.
Салса да қай қиынға алып шығар
Қуат бар сізде көп жан түсінбеген.
Қайырмасы.
Туған ел, туған жерің шын құштарың
Мақтаным ағажаным, үлгі ұстарым.
Көре бер мерейі өскен қазағыңның
Шаттықтан шалқып жаны құшқанын.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу