Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  158


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ЖАЗИРА

(әні Сая Оразалинованікі)
Алдыңда өмірдің жолдары,
Сан қызық өзіне тартады.
Тағдырдың тізгінін қолдағы
Жебесін тілектің дарханы.
Жазира... Жазира... Жазира...
Жазира - даламның кеңдігі.
Жүзіңнен сөнбесін наз, иба,
Жазира, жанымның ем гүлі...
Орайтын жүректі жалынға,
Тамсантар таңдайды шырыныСолмасын армандар жаныңда,
Сөнбесін махаббат дірілі.
Жазира... Жазира... Жазира...
Жазира – даламның кеңдігі.
Жүзіңнен сөнбесін наз, иба,
Жазира, жанымның ем гүлі...
Қараймыз қуанып, үмітпен,
Жаралған өзің деп бар нұрдан.
Теңейміз биікпен, тұнықпен,
Асылым Азатым қалдырған.
Жазира... Жазира... Жазира...
Жазира – даламның кеңдігі.
Жүзіңнен сөнбесін наз, иба,
Жазира, жанымның ем гүлі




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу