Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  141


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ӨТКЕН КҮНДЕР

Тереңнен өмір өзі қозғап бәрін,
Дегенде өтірікке: тозды ақпарыңҚұрметпен халқы қайта алды есіне
Жазықсыз құрбан болған боздақтарын.
Ақтарып өмір өзі қайта бәрін,
Қойғанда әділетке сай талабын.
Жаңғырдық естігендей шежіреге бай,
Уақыттың жүрек жарды байтақ әнін.
Тастаған шындық сонда тұншықтырып,
Тістеді жанды жерден қыршып тұрып.
Демімен удай ащы өзекті өртеп,
Сыйқымен жанымызды түршіктіріп.
Шындығым көтергенде қасқа басын
Мөлтілдеп бірақ көзден жас тамасың.
Оны ұзақ айналсоқтап шыға алмадық
Анадай еңбектеген жас баласын.
Күтіп ек әділеттің жарқын лебін
Бейне бір іздегендей алтын кенінЫсырып шымылдықты шыға келді
Қорлықтан қан жалаған халқым менің.
Ойымен алыстырып жаны барды,
Жүрегін қанды суға малып алды.
Шындықтың сыр сандығын ақтарғанда
Өшпейтін өкініштің табы қалды...
***
Бұлдырап жетсем деген асқар белі,
Аштықтан да қасірет жастанды еліҰрпағын шығарсам деп бұл белеске
Бабалар өткермеген бастан нені?!
Көкейге қонсын онда несіне арман,
Демепті күтпесе де несібе алдан.
Сол шақта жалғыз тілек жайлап бәрін
Жастың да, кәрінің де есін алған.
Жайлатып бір тілекке құлшын адам,
Бір содан сай сүйегі сырқыраған.
Қариялар содан екі бүктетіліп,
Сәбилер бесігінде шырқыраған.
Тар кезең суып қолын малды ырысқа
Дегенде жай күн ұқсап қанды ұрысқа,
 Аштықтан ажал тауып үлкен-кіші
Қалыпты домаланып әр бұрышта.
Зар болып сыбызғының сырды үні де,
Ұқсатып хайуандардың тірлігіне.
Аштықтың қысымымен күн де өтіпті
Жегізген адамдардың бір-біріне.
Ісі тек болып жеке бас қамында
Биліктен мейманасы тасқан ұлға
Қарсы тіл қата алмастан, қайран халқым,
Сөнді екен қанша жұлдыз аспаныңда!?
О уақыт! Қаталдығың болды ұққаным,
Көрсеткен елге қанша қорлық көрін!
Аштықты, қиянатты,
Сатқындықты
Халқыма сыйлапсың ғой сор қып бәрін.
Бұлдыра шықсам деген асқар белі,
Тұйықтан жол таба алмай,
Сасқанды еліҰрпағын жеткізгем деп ертеңіне
Бабалар өткермеген бастан нені!?
***
Бабаларға ту болған әрбір үміт
Мәңгі жылап немесе мәңгі күліп.
Тарих болып ғасырлар түкпірінен
Жүрегіме жетеді жаңғырығып.
Сөзі болып,
Ескерткіш көзі болып,
Іздеп, тауып үмітін,
Озып, өліп
Жылжытыпты бабалар тарих көшін,
Бермесе де бұл күнге сөзі көрік.
Жаңғырады әрекет,
Болжамдары,
Көп ойлары қатталған томдардағы.
Жетіле түседі қозғалысқа
Ертеңіне тағы да жолданғалы.
Мәңгі ғұмыр биігі көріншілеп,
Күшейеді әуелгі болымшы леп.
Ойға толы ұрпақтар көкейінен
Нәр жинайды өмірден орын тілеп.
Қуат, күшін,
Мақсатын анықтап ап,
Өмірден мынау жылы танып қабақ.
 Туады екен жақсылық жаңалық боп,
Ұшады екен бір күні қағып қанат.
Бабалардан өсиет,
Мұра қалар,
Білесің бе деп заман сынақ алар.
Жүрер жолды ұрпаққа сызып берген
Келер әлі оянса ғұламалар.
Сыйқын бұзған ойларын сан құбылып,
Десек, егер бабалар қалды біліпҚан жылаған жүрекпен басты шайқап,
Айтқан сөзі жетер ме жаңғырығып.
Қоя қойып өзге ой,
өзге арманын,
Көргендей-ақ ойран боп тозған бағын.
«Әттең!Әттең!»-деп алып,
күйзеліспен
өзі шайнап тастар ма ед өз бармағын!?
***
«Даласын-ай, кең-байтақ қазағымның!»
дегенге де жол тауып,
жаза, қырғын,
Шырқын бұзған, шырайын көкке ұшырып,
Елімнің, жез таңдайлы ғажабымның.
Біреуді-біреу қорлап,
Аңдып бағып,
Қасиет-қадыр тұтар барлық халық,
Қорқақ пен қу,
Зымиян сілетуімен
Бір күні жетеді екен жарлықты алып.
Сұсты жүз,
Суық сөздер,
Суыт жүріс,
«Жауларды» ел ішінен қуыпты-мыс.
Жаламен,
Шолақ оймен,
Щорт кесумен,
Халықты сақтайтұғын туыпты «күш».
О, ғажап,
Болыпты ғой мұндайдағы
Сол заман үйретті екен кімге айланы!?
Себебін сол нәубеттің талдашы деп,
Ұйқысын талайлардың ұрлайды әлі.
Жай сөзді әрекетке бұзық теліп,
Қанша адам азғындаған күдік теріп.
 Қор болған ағалар-ай,
Ағалар-ай,
Түп-түзу сара жолмен жүріп келіп.
***
Құлақ түрсем өткенді білгім келіп,
Атылғандай тығыны сырдың берік,
Лақылдаған бір тасқын алып кетті,
У ішкізіп,
Қабаққа кірбің беріп.
Аш-жалаңаш айналам,
Азан-қазан,
Қасірет толы кеседей маған заман.
Әлдекімдер барады айдап малды,
Адамды да,
Шығарып табанда заң.
Қайдан?!
Қайдан, зұлымдық, алдың тізгін,
Ауызыңды қай жақтан салдың құзғын!?
Әне тағы,
Бір жынды шықты шауып,
Етін жеген алдында балғын қыздың.
Бірі келіп,
Жоғалса бірі асығып,
Талай мінсіз мойынға кінә асылып,
Қанын жұтқан тобымен боздақтардың
Қалып жатыр сайлардың сыры ашылып.
Жүрек қозғар,
Көз көріп мол ертегі,
Күңгірт тартып үрейлі ел ертеңіҚорқытқанда сыпырды шындық келіп,
Қилы заман түсірген көлеңкені.
Зұлымдықтың қашан да жат қой демі,
Тандырса да есімнен сәуле берді
Әділеттің көлбеңдеп ақ көйлегі.
Қорықпан не сыйлар деп таң келесі,
Секілді асыл,
Биік ән төресі,
Болса да қанша ащы бұл шындықтың,
Қашанда биік екен мәртебесі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу