12.01.2022
  146


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ӨМІР СЫНАҚТАРЫ

Орын Құлсариев көке бастан кешкен кей бір жайлар
«Таушықтан»
Ойласа
Аяқ әрең бастырғандай,
Болған-ды,
Онда қатты састырған жай.
Зулаған,
Машинадан түсті ұшып,
Тайман аға екеуі,
Лақтырғандай.
 Топ етіп түсті қарға,
Түк болмады.
Тайман аға шалқадан
Түсті олдағы
Тәуба қылып
Құдайға шүкір айтып.
Жайылған-ды екеуінің қолдары.
«Құрық-Жетібай жолында»
Түс көріп
Құндыз шошып оянған-ды,
Жинап қойып өзгедей
Ой-арманды
Күтті жолын,
Қай кезде келеді деп,
Жүрегінің дүрсілін жоя алмады.
Күндіз болса,
Барар еді асып қырдан,
Түсі еді соншама асықтырған.
Кенет бұл көрді оның кеп жетккенін,
Тек үсті...
Шаң-тозаңға батып тұрған...
Ол, шынымен, шошынған,
Ұйқы қалды.
Басынан көшті әйтеуір күй тұманы.
Орекеңнің есінде Құндызының,
«Не болды?!» деп, қорыққан сыйқы қалды.
«Ұйқы, шіркін,
кімдерді саналы еткен?!
Айырмасы бар ма екен,
Арам еттен?!»
Машина қираң етіп,
Жолдан жығып,
Шет тұрған биік тасты жанап өткен.
Ол енді ертеңіне күтінеді,
Шамалы болса мейлі бітіреді,
Апыр-ай, қандай ғажап өмір деген
Тасқа соқса...
Бәрі де бітіп еді...
ХХХ
Сырқат
Бір күні көтере алмай қолын тіпті,
Жатса да,
Маза бермей мол ынтықтық,
Ойлады
 Домбырасын,
Балаларды,
Дей алам ба:
«Мен жүрген жолым мықты?!
Қанша рет бұл тірлікте қалдым аман,
Қанша рет қанша жанға болдым алаң.
Әйтеуір ылғи есен келіп ем».-деп,
Қарады бір қолына салбыраған.
Келіні Бағлан келді,
Емшілікке,
Ем жасау атасына ерсілік пе?!
Жазылып кетті Орекең құлан таза,
Жоқ енді еш жерінде кемшілік те!
Гүл жарған иісі аңқып,
Бақтағыдай,
Көктемдегі көз тартар шақтағыдай,
әсем күйі солардың бұзылмасын,
Әрқашан құдіретіңмен
Сақта Құдай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу