Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  111


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ЖАЗ

Бермейтұғын жаны ызғарлы жатқа қол,
Жас келіншек алтын-күміс таққан ол.
Жащдың жанын көрем десең сыртқа шық,
Ай жамылып дала ла жүр, бақта бол.
Мінезге бай сол келіншек ақ тамақ,
Қонақжай-ақ танытпайтын жат қабақ.
Қалы кілем төсеп тастап алдыңнан,
Күтіп тұрар дархан күліп, шат қарап.
Қойып алға теңіз, өзен, көл – леген,
Жуар бетті жылы-жұмсақ қолменен.
Дүниені кемеліне келтіріп,
Тіршілікке сусын берер шөлдеген.
Келбетінен көңіліме күй енген,
Ерке көзбен иығыма сүйенген
Күнде ертемен күліп шығар алдыңнан
Жайдары сол келіншекті сүйем мен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу