Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  92


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ҚЫЗЫҚТАУ

Тыныштықтың көрпесін жамбасы илеп,
Манаураған сал түнді таңға сүйреп.
Сағат тілі тағатсыз қуалайды,
Бұлттан шық деп кербез ай сарбас үйрек.
Ай да жүзіп барады таңға қарай,
Қимылында асқақтық бар ма қалай?!
Жұлдыздармен безенген алып аспан,
Жамыраған шамдары сән қаладай.
Деп ойласам, - қала да, халық та бар,
Жұлдыздары – жаққан от, жарық фонарь.
Арасында жүргендей жұлдыздардың,
Әрбірінен Ай жүр ме алып хабар.
Бір біріне болмас деп менен жақсы,
Мен – сұлумын, сенде ажар деген тапшы.
Дегендей тартыс туса, іштерінде,
Апырай, не болмақшы, не болмақшы?!
 Жымың-жымың жоғалса наз айтқаны,
Менсінбесе жоқ қой деп мәз айтпағы.
Аңдысуға көшсе егер бір бірімен,
Анау есем жарығын азайтқалы.
Көрген жанды толқыьып, бұл сәнді алап,
Мауыспайды қызығын мың сан таң ат.
Дәл осындай жердегі қалалар да,
Қандай әсем сыртынан тұрсаң қарап




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу