Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  1157


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

БАЛАМА ТІЛЕК

Тіршіліктің азабын аз тартқам жоқ мен,
Күнім,
Денсаулықтан төмен тұр өмірдегі теңдігім.
Бүйірімнен түртеді сол ақауым кейбірде,
Жарытымсыз бір сәтті іске келе қалса кергігім...
Тіршіліктің азабын аз тартқам жоқ мен, күнім,
Мұқалғам жоқ, әйтсе де,
Болар ма солп ерлпігім...
Әйтседағы есем бар содан кеткен өмірге,
Сен болмасаң,
Толтырар ол есемді енді кім...
Сұрайтыным сондықтан –
Күнім менің, ауырма!
Тоңдырмайтын боранда, әл бермейтін дауылда
Серік болсын өзіңе денсаулық пен өр талап
Белдерінде өмірдің, арман-тілек тауында.
Көрсеңдағы өмірдің қанша, суық, ыстығын
Көлеңкем боп қалма сен,
Менен биік ұш, күнім.
Қадамыңды нық бассаң алаңдамай, сеніммен
Қуат алам мен содан,
Сонда мен де күштімін.
Тіршіліктің азабын аз тартқам жоқ мен, күнім,
Анаң жайлы жадағай болмас бірақ сенде ұғым.
Сене күтер үмітім ортайтпайды еш менің
Бір өзіңмен толтырам істерімнің кемдігін.
Сен жылтасың жанымды, жылытса егер Жерді-Күн,
Сен – бақытым, қызығым,
Сен – аналық теңдегін.
Өмірім де ертеңгі, үмітім де өзіңсіңӘрқашан да ұш биік, денің сау боп, сен, күнім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу