Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  91


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ЕКІ ҚАНЖАР

...Жүрегіме екі қанжар қадалды,
жүрегімді екі қанжар тілді кеп...
Жойылды ма маған деген адалдық,
Мойыныңда әлде басқа бір білек...
Екі қанжар...
Жамандық бұл деймін бе?!
Неге мөлдір көңілімді кір етті?!
Бейкүнә, пәк қызғаныш та кейбірде
Қанжар болып түйрей ме екен жүректі...
Не сыры бар біле алмадым түстің бұл,
Көңілімнен бірақ ұзақ кетпеді.
Жан дүниеге түсті де жат ұшқын бір,
Киілді лез белгісіз мұң шекпені.
Ұйқы қашты...
Сырласйық кел, жүрек,
Жасырайын сенен оның мен несінТүсте көрген екі қанжар енді кеп,
Жыртар ма екен мұңның мұнар пердесін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу