Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  240


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

Маңғыстау деген киелі қазық ат байлар

Маңғыстау қара алтынды аймағымсың,
Атына ерлік туын байладың шын.
Алыстан қарағанның көзін тартқан
Сен менің қолымдағы байрағымсың.
Сұлудың ақ жүзіндей жарқылдаған,
Қап-қара майғабөккен алтын далам.
Теңізің мөлдіреген айнадайын,
Әр тасың мәрмәр сұлу алтындаған.
Мұнайы «Қара алтын» қазынамыз,
Қаталдау табиғаттың назы нағыз.
Халықтың игілігі-ен байлығы
Қара қошқыл жер нәрін ағызамыз.
Ей менің әнші далам, жыршы далам,
Кімдер бар өздеріңнен сыр сұраған.
Оларға жеткізіңдер не ғажапты,
Алдында әсемдік кім шыдаған.
Бұл өлке маңғаз жатқан баяғыдан,
Болмаса да сұлулық саялы маң.
Сызылтып жататұғын ән сап желі
Күн сүйетін әйтеуір аяғынан.
Жағасын оның қанша араладық,
Қаншама күн өткенін санамады.
Лықсиды бір ілгері, бірде кейін,
Көк теңіз жағалауға қарап алып.
Аймақ бұл мәңгі өшпес босағам бар,
Өнердің өлмес жолын жасаған бар.
Мәңгілік нұрын шашқан күндей жарық,
Өскінбай, Абыл, Есір, Қашағандар.
Тағдырды, тарихты тыңдаықшы,
Кім батыр, кімдер басшы кім байыпты.
Әлиев атты әскердің қолбасшысы
Кім білмейді ел басқарған Мыңбаевты.
Төсіңде талай сенің тұр емендер,
Маңғыстау талай ерлер түлеген жер.
Өсірді мәртебең мен мерейіңді
Тайшықтар, Ержігіттер, Тілегендер.
Күріш, Сержан, Ізбасар ағаларым,
Онердің биік шыңы бағалары.
Ағасы осы топтың Орын-көкем
Түрлендіріп жіберген сана бағын.
 Роза, Рухия мен Тамаралар,
Шаңырақтың шаттығы жан аналар.
Домбыра, ән мен күйдің құдіреті
Жандардай көрінеді маған олар.
Әділбек Наталия, Ердос мықты,
Әлемдік сайыстарда үздік шықты.
Атағын аймағымның асқақтатқан,
Ұстатпас енді ешкімге ауыздықты.
Таралып мың сан тарау жолдарыңда,
Көп ұлтты қойның толы қызбен-ұлға.
Көтердің сенде еңсе Маңғыстауым,
Қазақ елі тәуелсіз болғанында.
Алданып құшып қалған көп сағымды,
Ұрпағың қызу қанды, от жалынды.
Намыстың туын ұстап ЖаңаӨзеннен
Түгендеп шықты сенің жоқтарыңды.
Біз елдің шекарасы теңіздегі,
Маңғыстау ұлылықпен егізбе едің?
Әйтеуір бұл арада қалып жатыр,
Ешқашан қайталанбас соны іздері.
Теміржол Шалқар-Ақтау таңдағаны,
Қосады ауыл-ел мен бар қаланы.
Құла дүз, құтты қоныс болып енді
Қос құрлық біз арқылы жалғанады.
Құйыл күш. Асыл сезім қайрат талма,
Бойға қуат құяды байрақтарда.
Құрықта, Ақтау менен Баутинде
Жарқыраса теңіздің айлақтары.
Ақтауым әуеледің асқақтадың
Келесін ізгіліктің бастап бәрін.
Каспийдің жағасында сұлу қала,
Тамсанттың қарағанда қас қақпадым.
Жып-жылы жымиғандай дала мына,
Шашып тұр алтын арай алабына.
Жол бойы қаптап кетті қайың-талдар,
Үлбіреп гүл өскендей сабағына.
Қашаннан жерің жұмақ сырың тұнық,
Алғандай тереңіне шырын құйып.
Жар болып Бекет Ата қай кезде де
Енді әлем тыңдап жатыр жырыңды ұйып.
Қояйын мен сөзіме сәнді нүкте,
 Тұрсыншы жұлдыз жайнап, таң күліп те.
Маңғыстауым, мақтаным, алтын ордам
Жайнай бер, жасара бер мәңгілікке,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу