Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  192


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

МҰНАЙ – ГАЗДЫҢ СҰЛТАНЫ...

(Жақсылық Смағұлұлына)
Желтоқсанның сол күні,
Ұмытылып,
Өзге тірлік ол – пұлы,
Тыныштықты құшақтаған бір ұлды,
Әкеліпті,
Тіршіліктің толқыны...
Шөліркеген,
Таңдайына ақ тамып,
Жақсы сөзге жаны иіген,
Шат халық,
Карточканы жоя келген ұлына,
Жақсылық деп,
Ат қойыпты,
Мақтанып...
Атын қойған,
Қуаныштан,
Толғанып,
Келешекке сұлу үміт жолданып,
Сол балаға Жақсылық деп,
Ат берген,
Әлі күнгі мақтанады сол халық...
 Куә бұған талайлардың ақ басы,
Куә бұған бақытты өмір бақшасы.
«Өзенмұнайгазды» алып қолына,
Атанды ол Жаңаөзеннің патшасы...
Жетібайдың кезген талай кенішін,
«Өзенмұнай» көрген талай жеңісін.
Мұнай, газдың игеріп бар сырларын,
Туған елге тарту еткен жемісін...
Жақсы күнмен егіз туған Жақсылық,
Күтеді әлі жақсы хабар,
Жақсы үміт.
Нұрлы ақыл,
Жақсы іс пен зерделі ой,
Келеді оны талай көшке бас қылып...
Тұғыры бар алда әлі қонбаған,
Жолдары бар,
Ой – қиялын торлаған.
Ол бүгінгі жаңа қазақ үлгісі,
Жетілдіріп,
Жаңа заман сомдаған...
Көбейсін деп,
Өркен жайып ұрпағы,
Бата беріп,
Тілекшілер тұр тағы.
Өркен жайып,
Жарқырай бер қашан да,
Жарқырай бер, Мұнай мен Газ сұлтаны...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу