Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  106


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ҚАШАҒАНҒА

Құдіретті, күшті Алла, шыныңда да,
Бірін сорлы жасаған, бірін дана
Пендесінің ішінен Қашағанға
Аян берген түсінде Қыдыр баба.
Аян берген халқыңның ұлысың деп,
Қозы бағып жүргенде күні үшін тек,
Жалшы болып жүргенде жаны жүдеп,
Үмітіне тағыпты күміс ілгек.
Жаныңдағы жайнаған жалынды ұғып,
 Қасиетін беріпті дарындылық.
Ықыласын аямай төгіпті Алла
Ізгілігін, пәктігін бәрін біліп.
Жүрегіне күншуақ сіңіріпті,
Дархан пейіл, зерделі ой бірігіпті.
Даналығын халқының бойға жинап,
Көркемдепті тамаша тіршілікті.
Адамдықтың мерейін менсінбеген
Бетбақтықты өзгедей жеңсін немен.
Орақ ауыз, от тілді Қашағандар
Сопылардың сазасын берсін деген.
Көрсетпей-ақ дөңайбат, жойыт қылық,
Надандарды төбеден қойыпты ұрып.
Әділетті суырып алған талай
Іштарлықтың төбесін ойып тұрып.
Құдіретті, күшті Алла келістіріп,
Келтірген соң қисынын тегіс біліп,
Иемденіп қалыпты Қашағандар
Ең қымбатын бақыттың жерүстілік




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу