Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  151


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ЕМШІ ЕКЕН БІР – БІРІНЕ АДАМ ДЕГЕН...

Қандай күш бар, білдің бе, ғаламда ерен,
Дүние, бар тұсыңа хабар берем –
Емдейді екен бізді ізгі тілек,
Емші екен бір-біріне адам деген...
Тәтті сөз, көзқарасың, жақсы әңгімең,
Дәрі екен таптырмайтын бақсам кілең.
Ішқұса келіншектер баяғыда
Емделген шығар, бәлкім, астаңғымен.
Білдің бе,
Қандай күш бар өмірде бұл...
Себеді ол жаныңа – нұр,
Көңілге – гүл.
Сіңірсең жақсылардың шарапатын,
Сергірсің,
Ойың өсіп, терің кеңір.
Күлме сен,
Ойлама деп ойын бәрі,
Хақ мұны әркімнің-ақ мойындары.
...Шынымен жүрген мүмкін сен шығарсың,
Шипа боп бүкіл дертке бойымдағы...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу