Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  94


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ДӘМДЕСТІК

Үлкенді- аға, кіші-іні,
 Құрдасым деп жастыны
Сырласымын дос тұтып,
Ұмытылып бас мұңы.
Өз үйіндей көр келсең аунап-кунап,
Жатсынба,
Отауымда менің де қазағымның дәстүрі.
Дастарханым жаюлы,
Қашан келсең барым әзір,
Суымайды қазаным, созылса да таңға жыр.
Әңгіменің дүкенін қыздыра отыр,
Қысылмай,
Дастарханы қазақтың сұрап тұрар дәмді әзіл.
Шәйі көрпе төсеймін,
Жастық тастап шынтаққа,
Күй тыңдай тұр,
Қуырдақ әзір болар мұрсатта.
Жаныңдамыз,
Қазір ең маңыздысы біз үшін
Қонақ қамы,
Өзгедей іс болмайды бұл шақта.
Су құямын қолыңа,
Жұмсақ сүлгі ұсынып,
Жасым үлкен болса да,
Қонақ үшін кішіріп.
Еркелесең сыйымды дейін ерсі болса да,
Көз жасырар елемей,
Тұрсадағы іш ұғып.
Қазақ әзір қашаннан қонақ келсе күтімге,
Бәрі-бәрі алдыңда,
Тойғаныңша ішіп-же.
Дәмдес болдық екеуміз мың күн сәлем алысар,
Асымды ішіп тек қана аяғына түкірме...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу