Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  124


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ АҒАЛАР

(Тілеген Өрісбаевқа)
Мамықтай ақ көбігі бетінде ұйып,
Қалатын бал шұбаты келін құйып,
Отырса -
Маңғыстауда әз ағалар,
Сезінеді өзін патша,
Жерін – биік...
Демейді ауыл – шалғай, атым – арық,
Машина, самолеті жатыр ағып.
Керексе жылқыларын үйірінен
Арқардай отырады атып алып...
Ағызып еңбегімен бұлақ қырдан,
Зейнеттен несібені сұраттырған.
Сүйдіріп көкіректі сал самалға,
Даланың дархандығын мұрат қылған...
Келтірсе домбыраның құлақ күйін,
Сұлу үн елестетіп бұлақ биін,
Кеудені сұлу сазға толтырғанда,
Оларға дүние құны бір-ақ тиын.
Шұбатсыз жүрмейді,
Емес шарапқұмар,
Байлығын тауыспайды санап бұлар.
Баптаған жүйрігінің бәйгесіне,
«Волгаға» мініп




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу