Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  139


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ҚЫСТА

Қара...қара...
Дала неткен...
Дала неткен көрікті...
Аппақ әлем билеп алып бара жатыр ерікті...
Түніменен терезенің отырып ап түбіне,
Аяз ата,
Әйнегіне сурет салып беріпті...
Бейнелепті дала шөбін,
Таудың биік шыңдарын,
Сілемдердің көкке мойын соза өр қарап тұрғанын.
Төрге ұстаған тұскиіздей,
Әне бі р тұс бедері,
Көрсетпектей табиғатта таңғажайып сыр барын...
Қалың жауған қар соңынан ауа қандай тұп-тұнық,
Салғырт күйді бара жатыр әлдеқайда ықтырып.
Талдар басқа бүркеп алған,
Ақ желекті сілкіген,
Балаларға торғайлар мәз,
Қуана шық-шық күліп...
Жуасып қап асау боран,
Қол апартпас жалына,
Күн шығыпты...
Күн шығыпты, дүние күткен зарыға..
Тек қана үйлер төбесінен жел үрлеген ақ ұнтақ,
Опалап тұр Жер ананың ақша жүзін тағы да...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу