Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  167


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

КҮЗГІ ЖАПЫРАҚ

Жаз дәурені азайып қалғасын ба,
Селдіреген жапырақ тал басында,
Жер-ананың қойнына жөнеледі,
Шайқалақтап ауаның арбасында...
Алыс тартып, азайып жігер, қызық,
Сар түсінен сарала жыр өргізіп,,
Жапырақтар қоштаса қол бұлғайды,
Жаз әлемнен біржола, күдерді үзіп...
Жапырақтар...
Сарыала жапырақтар...
Әрбіріңде қаншама жатыр ақпар...
Күнің өтіп барады-ау...
Күнің өтіп,
Шашу болып соңғы рет шашырап қал...
Жапырақ тал басында селдіреген,
 Жаңа ғана бүр жарған өндір өлең...
Жаз қызуы жасартып кетіп еді,
Күз қазаны қуырып,
Солды денең...
Топырақтан қайта орнап сән басыңа,
Айналарсың тіршілік жалғасына,,,
Жер-ананың қойнына жөнеле бер,
Отырып ап, ауаның арбасына...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу