Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  2508


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ҚАРА АЛТЫНЫ ХАЛҚЫМНЫҢ...

Мұнай, мұнай....
Сары май...
Қап- қара май.
Келбетіне халқымның жаққан арай.
Бейнеті мол қазақтың жерін кеулеп,
Бақытына айналған баққа қарай...
 Мұнай, мұнай...
Қара алтын қазынамыз...
Қаталдау табиғаттың назы нағыз.
Қан тамырдай таралған тамырлардан,
Қарақошқыл жер қанын ағызамыз...
Мән сыйлаған тірлікке,
Сән сыйлаған,
Мұнай көзін тереңнен аршиды адам.
Жапан түзде ертегі қала салып,
Естен кетпес жасады сан сый маған...
Талайларды келтірген жарқын жүзге,
Мұнай деген қап қара алтын бізге.
Мұнай іздеп кеземіз қиырларды,
Ыстық шілде,
Қатал қыс,
Алтын күзде...
Қап - қара қан жүгіртіп тамырына,
Қара алтынның боялып сағымына,
Қолын созған әлемдік биіктерге,
Сүйінемін Маңғыстау алыбыма...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу