Өлеңдер ✍️

  11.01.2022
  532


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Асанбай Асқаров ағаға

Алатау десе,
Алматы түсер есіңе.
Алматы ұлық,
Дауласам оған несіне?!
Таразға жетпей,
Шымқала саған бұйырған,
Алатау биік,
Алатау саған несібе.
Арыстар еді,
Тірлікті күйттеп бас алмай,
Ерлерім болса,
Болсыншы ерім Асандай.
Алаштың соңы,
Аңырап кеткен арысым,
Асқаров еді,
Асқар шың еді Асанбай.
Медеуді сүйдің,
Екінші медеу іздедің.
Халқыңды ойлап,
Жаныңа қажау іздедің.
Жаныма батты,
Бүгінде оны елемес,
Сол шатқалдағы иесіз қалған іздерің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айнур Тараз қаласы Меркы аудагы
осы өлеңің мәні не

Пікір жазу