Өлеңдер ✍️

  11.01.2022
  117


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Түсінбейміз, бақыттымыз бәріміз

Түсінбейміз, бақыттымыз бәріміз.
Бақыт іздеп,
Бақыт күтіп, тағы біз?
Аяғыма жығылмады, деп құлап,
Жырақ кетті, бөтен кетті жарымыз.
Аңсап түнде,
Жақсы көріп, жарыңды.
Бергің келіп, құшағыңды, барыңды.
Бас имеген әйел сорлы екен ау,
Сөз айтпаса күйеуіне жағымды.
Тағдыр сыйы, оны да бір көрейік.
Мұз жүректі тас бесікке бөлейік.
Тағдыр сыйы осы шығар, қайтейін,
Әр қайсымыз өз әлінше төлейік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу