11.01.2022
  2950


Автор: Жібек Ысқақова

Құтты болсын 30 жылдық інжу той!

Отыз жылдық мереке құтты болсын,
Бұл мерейтой жалғасып мерейтойға.
Жұптарыңыз жазылмай әрқашанда,
Жетіңіздер әрбір жыл, айдан айға.

Жүздеріңіз нұрлансын шаттық ойнап,
Бар жақсысын ұсынып әрбір көктем.
Отбасыңыз аман боп, ошақ қасы,
Күндеріңіз көп болсын бақытты еткен.

Ата берсін күлімдеп бақыт таңы,
Жаратқаным сіздерді әркез қолдап.
Амандығын сыйласын, денсаулығын,
Жақсылықтың жаршысын сізге жолдап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу