11.01.2022
  2136


Автор: Жібек Ысқақова

Інжу тойларыңызбен әкем-анам!

Құтты болсын інжу той әкем-анам,
Сіздерменен әр күнім жарқыраған.
Отау құрып, отыз жыл болды міне,
Отыз жылдық талдайын тамырлаған.

Бізге үлгі жасаған істеріңіз,
Қалмасыншы жайқалған көштеріңіз.
Жаратқаным жар болсын әкем-анам,
Күндеріңіз қызықты боп, кештеріңіз

Мерейтойдан жетіңіз мерейтойға,
Әкем-анам байлығым жетпес баға.
Шаттығымыз өмірде таусылмайтын,
Әкем-анам ардақтым сіздер ғана...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу