11.01.2022
  1163


Автор: Жібек Ысқақова

30 жыл, інжу той

Отыз жылды құрады биыл міне,
Асқар тауым әкешім, асыл анам.
Тамыр жайған отбасың құтты болсын,
Әр күн сайын абырой артып бағаң.

Шаңырақтың шаттығы шайқалмасын,
Берік болып қабырға, керегесі.
Ұл-қыздарың аман боп әкем-анам,
Өсе берсін немере, шөбересі.

Амандықта болыңыз әкем-анам,
Отыз жылдық мерейтой шаттық сыйлап.
Інжу тойы бақытқа бөлей берсін,
Бар әлемнің мерейлі үнін жинап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу