10.01.2022
  834


Автор: Жібек Ысқақова

8 жылдық отауларың құтты болсын!

Сегіз жыл ашты есігін,
Пәк сезім тербеп бесігін.
Ауаға әрлеп жазыңдар,
Махаббат берген есімін.

Бас қосып сендер, сегіз жыл,
Мәңгілік болсын, тербеп жыр.
Тамыр жайыңдар гүлденіп,
Жайқалып, жайнап әрбір күн.

Аспандарың ашық болсын,
Бар қиындық қашық болсын.
Өмірлерің гүлдей жайнап,
Бақыттарың тасып, толсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу