10.01.2022
  920


Автор: Жібек Ысқақова

Отау құрғанымызға 2 жыл (қыз)

Екі жыл да болды міне,
Бас қосқалы сүйген жарым.
Өзіңменен қуанышта,
Нұрға бөлеп атып таңым.

Бақыттымын өзіңменен,
Отағасы сүйгенім сен.
Отау құрған күнімізбен,
Құттықтаймын шын жүректен.

Бақытымыз баянды боп,
Алла бізді қолдасын тек.
Сүйген жарым, сенсің бағым,
Амандықта жүр күлімдеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу