10.01.2022
  754


Автор: Жібек Ысқақова

Қарындасым, бақытты бол!

Қарындасым бақытты бол,
Барған жерде күлім қағып.
Жаңа өмірің бақ сыйласын,
Жұлдыздарың жымың қағып.

Қосағыңмен қоса ағар,
Бақыт тауып әрбір күннен.
Отауларың нұрға толсын,
Күлкі кетпей бұл жүзіңнен.

Армандарың орындалсын,
Алға қойған, қарындасым.
Бақытты бол күйеуменен,
Қарындасым бағың жансын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу