10.01.2022
  569


Автор: Жібек Ысқақова

Тек бақытты болыңдар, жас жұбайлар!

Тек бақытты болыңдар, жас жұбайлар,
Жан бауырым, келінім қол ұстасқан.
Жаңа өмір әкелсін бақ-береке,
Күн күлімдеп шаттықта, ашық аспан.

Айдын көлде жүзіңдер қос аққудай,
Інім және келінім отау құрған.
Бақыттарың баянды болсын деймін,
Шашу шашып сендерге ән мен жырдан.

Жас отауды тербесін сәби үні,
Шаттандырып біздерді мақтан қылып.
Бар жақсылық жалғасын көңіл-күйді,
Шуақтана қарсы алып ақ таң күліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу