10.01.2022
  885


Автор: Жібек Ысқақова

Тек бақытты болыңыздар!

Жас жұбайлар қол ұстасқан,
Тек бақытты болыңыздар.
Жүздеріңіз нұрға толып,
Биік шыңға қоныңыздар...

Жүрек үні бірге соғып,
Тек бақытты болыңыздар.
Әр күн сайын қол ұстасып,
Толған айдай толыңыздар...

Сәби үні тербеп үйді,
Тек бақытты болыңыздар.
Жаңа өмір шаттандырып,
Ашық болсын жолыңыз бар....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу