10.01.2022
  323


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа отауларың құтты болсын!

Жас жұбайлар қол ұстасқан,
Отауларың құтты болсын.
Шаңырақтан шаттық кетпей,
Іші ән мен жырға толсын!

Көңілдерің ортаймасын,
Жүректерің бірге соғып.
Бастарыңнан бақ таймасын,
Көтеріңкі күйде болып.

Сәби үні тербеп үйді,
Бар бақытын сыйласын тек.
Отауларың жанға толып,
Шаттық, нұрын жинасын тек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу