05.01.2022
  502


Автор: Әлібек Асқаров

Біздің буынның көсемі

Бүгінгі қазақ баспасөзінің мақтанышы, аса да- рынды публицист, зияткер азамат, ардақты досымыз Сауытбек Абдрахманов 2011 жылы 60 жасқа толып, Әбіш Кекілбай, Фариза Оңғарсынова, Сәбит Ораз- баевтар бастаған топ мерейгердің шашбауын көтеріп, Оңтүстікке сапар шектік. Сәукеңнің туған жері Қазығұртта, өскен өлкесі Келес пен Сарыағашта кез-


 


десулер өткізіп, ел-жұртпен емен-жарқын жүздестік. Соңынан Шымкент қаласындағы үлкен театрда салтанатты жиын болды. Сол жиында Астананың бір шенеунігі ретінде маған да сөз берілді. Мен сол сөзімді “Сауытбекке үшбу хат” деп атаппын.


* * *


“Аса қадірлі, бек құрметті көруші досым Сауыт-


бек!


Мен мына мінбеге Елбасы аппаратының жауап-


ты қызметкері ретінде шыққаныммен, сенімен осы ғұмырда тізе қосып, қатар келе жатқан досың ретінде бір жарым, екі ауыз пікір білдірмекпін.


Ол пікірді жалғыз өз атымнан ғана емес, сенің бүгінгі қуанышыңа Астана мен Алматыдан арнайы келіп, өздеріне бүгін сөз тимейтінін сезіп, мына залда көздері жәудіреп отырған бір топ достарыңның аты- нан айтсам деймін. Ол достарың мыналар:


Сен отызға аяқ басқанда қолыңнан Павлодарға жетелеп апарып, өзі бауыздау құда болып, аман-есен үйлендіріп қайтқан, бүгінде “Қазмұнайгаз” атты бай мекеменің белді қызметкері, қалталы жігіт Ақайдар Ысымов.


Сенің “жеті дәруішіңнің” бас идеологы, бүгінгі төл әдебиетіміздің көркем аударма саласында клас- сик деңгейіне көтерілген аудармашы-жазушы, лирик ақын Заманбек Әбдешев.


Ауыз әдебиетінің анекдот атты жанрының асқан білгірі, терең  зерттеушісі,  бүгінде  атын  атаса,  әкім


 


үркетін, аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермес шешен, әйгілі тележурналист Тілекқабыл Мыңжасарұлы.


Египет президенті Әнуар Саадат өлтірілер ал- дында сол елге шпион боп барып, әскери борышын аман-есен өтеп қайтқан, өзіңнің он жыл бір партада отырған сыныптасың, бүгінде Ақорданың айтулы қызметкері Әбдімүтәл Әлібеков.


Қазақстанның қиыр шетінде, сонау алыс Ал- тайда тұрып жатқан, 57 аю алған, 242 қасқыр соққан атақты аңшы Ерен Жұмағұлов.


Сен Сауытбек, осы жігіттердің бәрін күшігінде талап тастаған адамсың.


Өзіңнің интеллектіңмен, парасат-пайымыңмен, көшелі көсемдігіңмен, не нәрсені болса да жеті рет өлшеп, бір рет кесетін сырбаз мінезіңмен.


Бәріміз де бозбала болдық. “Алматы түні” деп құйқылжыта ән шырқап, біз көшеде сыра ішіп ләйліп жүргенде, сен газет-журналдарға етектей-етектей ма- териалдар жариялап жататынсың.


Өмірге енді аттаған сонау жас шағыңның өзін- де біз маңайына жолай алмай, алыстан көргенімізге мәз болып жүретін Шыңғыс Айтматовпен сұхбат- тастың.


Кең-байтақ қазақтың жеріне сыймай кеткен ұлы суретші, қазақ халқының арасынан шыққан живописьтің жалғыз да дара академигі Орал Таң- сықбаевты Өзбекстанға іздеп бардың.


Отыздағы оғлан келіншек Эдита Пьехамен кон- церттен соң кештетіп интервью жүргізіп, қонақүйде


 


қонып қала жаздап, Құдай сақтап одан да аман-есен құтылдың.


Алматыда жүрген Ғабит Мүсірепов, Кәукен Кенжетаев, Мәжит Бегалин секілді арыстарымызды былай қойғанда, сен КСРО атты алып империяның көгіне шыққан, аттары жер жарған, атақтары жер жүзіне тараған одақтық мәдениет пен өнердің жарық жұлдыздарын қазақ оқырманына таныстырумен болдың.


Сөзім дәлелді болу үшін солардың бір парасын ғана атап өтейін: Махмұт Есембаев, Людмила Зыки- на, Георгий Товстоногов, Евгений Матвеев, Михаил Ульянов, Болат Закиров, Людмила Чурсина, тағы басқалар...


Сенің осы мақалаларың, сұхбаттарың аса қы- зықты оқылатын. Алуан оқиғалармен байып, шұрай- лы тіл, бейнелі теңеулермен тұздықталған кезде оқырманын елітіп әкетуші еді.


Сөйтіп сенің өзің де жасыңа жетпей үлкен тұлғаға айналып кеттің.


Осыдан кейін достарың қайтіп сенің жаныңа жақындайды? Қайтіп адамша араласады?


Сен сол жағын ойламадың. Мысың басып, “күшігімізден талап тастадың” дегенім осы еді, дос- тым.


Біз бәрібір сені жасымыздан құрмет тұтып сыйладық, жылы жұмсақтың бәрін сенің алдыңа тостық. “Сауытбек жесінші, Сауытбек ішсінші” деу- мен болдық.


 


Жасымызда әдебиет, өнер жайында, оқыған кі- таптарымыз туралы сыраханада отырсақ та, шайха- нада жүрсек те көп таласа беретінбіз. Сонда біз екі көзіміз қанталап, қаншалықты қызылшеке болып айтыссақ та, шешуші сөзді, түйінді ойды сен айтып, дау-дамайымызға соңғы нүктені сен қоятынсың.


Біз шолған мақаламыздың немесе оқыған кіта- бымыздың беткі қарпін, жолын ғана көріп, оқиға- сын ғана қызықтайды екенбіз. Сөйтсек, онымыз әлгі дүниенің бетіндегі қаймағы ғана екен ғой.


Ал, Сауытбек, сен болсаң сол қаймақтың ас- тындағы сүтке үңіліп, оның тереңдігін өлшеп, қандай ыдысқа құйылғанын, қандай сиырдың сүті екенін бізге айтып беретінсің.


Біз сонда басымызды шайқап, жағамызды ұс- таушы едік.


“Жөнейіт ағайынға тән сұңғыла білім, дарқан ақыл, татар нағашыма тән қулық пен сұмдықты бұл Сауытбек қайдан үйреніп жүр?” – деп таң-тамаша қалатынбыз.


Содан достарыңның құрметін дұрыс сездің бе, сен де бізге қатты еркелеп алдың. Отызды маңай- лағанша үйленбей қинадың, қолыңды қалтаңа са- лып, ұзақ уақыт сүрбойдақ жүрдің. Егер менің Мә- рия қарындасым кездеспегенде сенің бұл өмірден қу тізеңді құшақтап жалғыз өтерің сөзсіз еді.


Профессор Бауыржан Омаров ініміз сен тура- лы көлемді бір мақаласына “Бірінші” деп тақырып қойыпты.


 


Бұл – бүгінгі күннің нөмірі бірінші журналисі Сауытбек деген ұғым. Бұл тұжырымды Әбіш Кекіл- баев ағамыз айтып өтті.


Осы тұжырымға біз де қос қолымызды көтеріп қосыламыз. Өйткені, дәл қазір сенен асқан талантты, сенен асқан майталман журналисті ит қосып іздесең де таппайсың.


Біреулер мұны қызғаныш етіп, іштері күйіп шы- датпай бара жатса, Аралдан арнайы алдырып, тұз жаласын демекпіз.


Алдыңғы ұрпақ туралы пікір айтпаймын, ал біздің буын, бізден кейінгі толқын қаламгерлер ара- сында тәуелсіздік тағдырын, елдік мүдде, ұлттық мұраттар жайында Сауытбектен асырып жазған да, Сауытбектей көп жазған да, Сауытбектей жіліктеп, мөлдіретіп жазған да ешкім жоқ.


Сауытбектің жарқ етіп “Егеменге” шыққан мақалаларының көбісін біз барлық облыстық га- зеттерге қайталап бастырып отырдық. Біршамасын орысша аудартып, “Казправдадан” бастап, облыстар- да жарқыратып көрсеттік. Өйткені олар терең тәлімі бар ойлы мақалалар еді, ондай асыл дүниелерді дереу елге жеткізу, халықтың қолына тигізу біздің парызы- мыз болды.


Сауытбек осылайша тәу етер тәуелсіздігіміздің көркем шежіресін жасаған қаламгердің бірі де бірегейі.


Кейде біз таң қаламыз, әлдебір той-томалақта түннің бір уағына дейін қызара бөртіп бірге отыра-


 


мыз. Бір-бірімізбен ұзақ уақыт қоштаса алмай, үйді- үйімізге кеш тарқаймыз.


Ертеңінде қарасақ, газеттің айқара бетінде Сау- ытбектің етектей мақаласы жүреді. “Құдай-ау, – деп ойлаймыз, – кеше бірге жүріп ек қой, сонда бұл қай уақытта жазып жүр”, – соған өреміз жетпейтін.


Сөзімді дәлелдеп, мына жағдайды айта кетейін. Сауытбекпен талай рет шетелдерде бірге бол-


дық. Жалпы Сауытбек Антарктидадан басқа жер жүзінің барлық жерін аралаған, көрген адам.


Сонда деймін-ау, түн ортасына дейін шетелдік қалаларды аралап, біз мұрттай ұшып төсекке құлай- мыз. Таңертең көзімізді тырнап ашып әзер тұрамыз. Басымыз әңкі-тәңкі, мақала жазу емес, бас жазу ке- рек, тіліміз кәлимаға келмейді.


Ал Сауытбек болса түні бойы мақала жазып шығады, таңертең соны Қазақстан жаққа, газетке жіберуге зыр жүгіріп жүргені.


Жанымыз ашиды, “тым болмаса күндіз бірер сағат көз шырымын алсаңшы” деп жалынамыз. Сондағы Сауытбектің жауабы: “Парижге адам ұйықтау үшін келмейді”.


Мейлі... ұйықтамаса, өз обалы өзіне!


Баяғыда, жас күнімізде “ойбай, Сырбай Мәу- ленов мақала біткенді тек диктовкамен жазады екен, Жұмағали Ысмағұлов Брежневтің баяндама- сын диктовкамен айдап шығады екен, Нұрмахан Оразбеков СОКП директиваларын қазақша ауда- рып, шақпақша шағады екен. Ал Ғафу Қайырбеков


 


Расул Ғамзатовтың “Менің Дағыстаным” кітабын диктовкамен бір аптада аударып тастапты. Бұл аударманың қазақшасының жатық шыққаны сон- дай, көркемдік жағынан Расулдан да асып кетіпті” деп еститінбіз.


Қазір біз осындай сөзді Сауытбек туралы әңгімеден еститін болдық.


Біз ғой азғантай ақпараттың өзін жазуға күше- неміз. Бетіміз бырысып, желкеміз қырысып күні бойы толғанып жүргеніміз.


Ал Сауытбек бір түннің ішінде етектей мақаланы сарт еткізіп, оны ертесінде дастарқандай етіп газетке шығара қояды.


Оның сыры неде?


Ондай шеберлікке жету үшін көл-көсір энцик- лопедиялық білім керек, оқығаннан ой түйетін, көр- геннен қорытынды жасай алатын аналитикалық зер- де керек, жан сарайың рухани кемелдікке жету керек. Сонда ғана шешендік пен көсемдіктің биігін бағын- дырасың, жазарыңды сыдыртып ауызша-ақ айтып шыға аласың.


Алдыңғы толқын ағалар дәстүрін жалғасты- рып, кәсібиліктің шырқау шыңына жету деген осы, ағайын.


Қадірлі Сауытбек дос! Саған айтар сөзді бүгін айтпағанда қашан айтпақпыз.


Сен, шын мәнінде, жігіт атаулының сегіз қыр- лы, бір сырлы сұлтаны ғана емес, мінезі текті сырттанысың.


 


Бүгінгі менің сөзімнің мазмұны сегіз қырлы Сауытбектің екі қырынан ғана мағлұмат беруге ар- налды.


Оның біріншісі: Сауытбектің жас кезінен үлкен интеллект иесі екендігі.


Екіншісі – Тәуелсіз Қазақстанның шашасына шаң жұқтырмас маңдайалды публицисі екендігі.


Қалған алты қырын, оның ішінде Сауытбектің терең әдебиет зерттеушісі, поэзияның асқан білгірі, жүрегі нәзік дос, үлгілі отбасы ретіндегі әңгімелерді келесі сөйлейтін ағайынның еншісіне қалдырдым.


Қадірлі жиналған көпшілік, шымкенттік ағайын. Алтыннан ардақты, күмістен салмақты Сауыт-


бек досым!


Сөз соңында саған айтарым, сен бүкіл бір буынның, депутаттар секілді сайланбаған, мемле- кеттік қызметкерлер секілді тағайындалмаған, Құ- дай берген лидерісің.


Оған қосымша сен, орысша айтсақ, истинный интеллигент Луначарской марки, Лихачевской про- бы, Байтурсуновской традиции и Кекилбаевской муд- рости.


Ендеше, қазақ журналистикасының өзің көтер- ген биік планкасын ешқашан түсірме.


Бүгінгі тәуелсіз Қазақ елінің нөмірі бірінші журналисі деген мәртебелі тұғырыңнан тайма деген тілек айтамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу