👈 қаріп өлшемі 👉

  05.01.2022
  89


Автор: Әлібек Асқаров

Қадыр Мырза Әли туралы

Қадыр Мырза Әли ағамызбен аптасына бір рет болса да телефонмен сөйлесіп тұратынбыз. Қызметтен қолымыз тимей, таусылып бермес күн- делікті жүгіріспен біз ұмытсақ та, телефон шалуды ағамыз ұмытпайтын. Әңгімесін “неге хабарласпай жатырсыңдардан” бастайтын. Сосын “менің жа- сыма келгенде інілерді сағыну қандай болатынын әлі ұғасыңдар” деп азғантай ренішін де сездіріп қоятын.


Біз де шыр-пыр болып, жұмыстың көптігін ай- тып ондайда ақталған боламыз. Қандай дәлел айтсақ та оның бәрі Қадыр ағамызды қанағаттандыра ал- майды. “Сендер” деп отырғаны – Сауытбек екеуіміз. Өйткені әңгіменің келесі бағыты “Сауытбектің халі қалайға” көшеді. Сәукеңнің шетелде жүргенін ай- там. “Е, бәсе, – дейді Қадекең жадырап, – телефон құлағын көтермегенге ол інім соншалықты бюрократ боп кетті ме десем, елде жоқ екен ғой”. Бес-он минут әңгімеден соң, телефон құлағын қоярда: “Сауытбекке сәлем айт, оқта-текте Қазақстанға да ат басын бұрып тұрсын”, – деп күледі.


 


“Сенің Алтай туралы кітабың шығыпты деп естідім, бізге де берсеңші, біз де оқылық” деді бірде телефонмен. “Ойбай, Қадеке, сізден аяғанды ит жесін, жіберемін” деп мен сол арада ант-су іштім. Артынша шетелге іссапармен кетіп қалдым білем, ішкен ант-суымды мүлдем ұмытыппын. Арада жар- ты жыл өткенде “кітап қайда” деген тағы ескерту алдым. Бұл жолы жерге кірердей ұялып, Астанаға келген Есенғали Раушановтан “Құдай үшін, мына- ны Қадекеңе жеткіз” деп бір кітапты беріп жібердім. “Құп, мәйлі, қатырамыз” деп нық сөйлеп Есенғали кетті.


Ақындардың көбісі жаңғалақ, ұмытшақ дейтіні рас шығар. Арада бір жыл өтті. Телефонмен сөйлесе қалсақ, Қадыр ағам да кітапты есіме салмайды, “әлгі кітапты алдыңыз ба” деп мен де сұрай қоймадым.


Келесі жылдың ақпан айының соңында Елбасы Алматыда мәдениет қайраткерлеріне Президенттік стипендия тапсырған алқалы жиын өткізді. Жиынды дайындау, еліміздің ақын-жазушыларын, әртістері мен музыканттарын келіп қатысуларын қамтамасыз ету бізге тапсырылған. Жиынға, әрине, қазақтың ұлы ақыны ретінде Қадыр Мырза Әли де келді. Құрақ ұшып қарсы алып жатырмын, Қадекең күлімсіреп қойып, басын шайқай береді. “Шенеуніктердің бәрі уәдесінде тұрмайды, көпшілігінің сөзі мен ісі алшақ болады деуші еді, соған көзім жетті”, – деді. Сөйтсем, мен жіберген кітап әлі күнге жетпепті. Ұялғаннан “Қадеке, тағы бір кітап шығып жатыр еді, соны күтіп


 


жүрмін, екеуін бірге жіберемін”, – деп тағы кешірім сұрадым.


Астанаға келген бойда енді ешкімге салмақ сал- май, ешбір жанға сенбей, екі кітапты мықтап ора- дым да, адресті жазып, Президент Әкімшілігінің фельдъегерлік байланыс жүйесімен қоя бердім.


Арада жарты ай өтпей жатып бас газетіміз “Егемен Қазақстанда” әлгі менің екі кітабым тура- лы Қадыр Мырза Әлидің мақаласы жарқ ете қал- сын... Газеттің тең жарымын қамтыған үлкен мақа- ла, ішінде мақтауы да, мадақтауы да жетеді. Үлкен ақынның ерінбей-жалықпай менің кітаптарымды оқып шыққанына, оқып қана емес, күректей мақала жазғанына сенерімді білмедім. Ізінше телефон ша- лып, рақметімді жаудырып, әдемі тілектерді бұрқы- ратып жатырмын. “Сен мына кітаптарыңмен мені Алтайға ғашық еттің, енді сол Алтайды сен маған көрсет, өзің ертіп апар!” – деді Қадекең.


Қадыр Мырза Әлидей қазақтың ұлы ақыны сұрап тұрған соң мен қайда қашам, уәдемді бердім, “апарамын” дедім. Әрине, барам десе Қадекең менсіз де бара алады ғой, облыстың әкіміне бір ауыз айтса, ол кісіні алақандарына салып әкетпей ме. Кітаптарды ұнатқан, сондықтан маған базына айтып тұр. Оны да сездім.


Содан Алтайдың ақ қар, көк мұзының көбесі сөгіліп, күн жылынған шақта ағамызды ертіп Алтайға тарттық. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзі бас болып құрмет көрсетті. Қасымызға қазақтың қара


 


сөзінің су жорғасы, мінезді ақын Әлібек Қаңтарбаев- ты қосып берді. Рахман қайнарына, Мұзтау маңайы- на бардық. Топқайыңда жатқан ежелгі досы Қалихан Ысқақовпен кездестірдік. Екі достың әңгімесі тау- сылмай, күні бойы тау аралап, Алтайдың Мұзтау- дан кейінгі биік шыңы – Бүркітауылдың етегіне дейін барып қайтысты.


Мені жұмысқа шақырып, ол жақтан бір күн ерте кетіп қалуға мәжбүр болдым. Соңынан ақынның қасында жүрген Әлібек Қаңтарбаевтан естідім... Алматыға ұшар ұшаққа шығарып салып тұрған кезде Қадекең облыс әкіміне қаратып: “Апырмай, Бердібек бауырым, егер мынау шолақ фәниде Ал- тайды көрмей өткендей болсам – өкініштің көкесі сол болар еді”, – деп көзіне жас алды деседі. Асыл туған ақын ағамыз Алтаймен қоштасып тұрғанын білген екен.


Сол жылы қыста Қадекең дүниеден озды.


 


* * *


 


Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5 қаңтарда туғаны белгілі. 1995 жылы Қадекең алпысқа толып, бірер қаламгер інілерімен қоса, сол кездегі Баспасөз министрінің бірінші орынбасары мені де қыстың қырауында, қаңтардың ортасында Оралға ертіп апарды. Еліміздің нарықтық қатынасқа көшіп, дүние бұлаңға түсіп, экономикамыз күйзеліп тұрса да, об- лыс әкімі Қабиболла Жақыпов ақын мерейтойына


 


жоғары маңыз беріп, іс-шараны биік дәрежеде өткізді. Түрлі мекемелерде, мектептерде көптеген кездесулер- де болдық.


Мына бір жазба сол мерейтойда, Орал қала- сындағы үлкен жиында сөйлеген менің сөзім екен.


“Мен әдебиет сыншысы емеспін, – деп бастап- пын мен сөйлер сөзімді. – Десек те, қолына қалам ұстаған жанның өзіндік пікірі болары рас. Менің де Қадыр ақын туралы көкіректе түйген пікірім бар, қабыл алсаңыздар соны ортаға салайын деп едім.


ең бірінші айтарым – “Қазақтың Қадыры” атанған, асыл сөздің абызы атанған ақын сирек, ілуде біреу ғана.


Балалар да Қадекеңнен өзіне керегін табады. Жастар да одан жалындаған махаббат жырла-


рын табады.


Ел бастаған ересектер де, ақсақал-қарасақалдар да өзіне қажет ақыл-кеңесін алып, ақын өлеңдерінен цитаталар келтіріп жатады.


Яғни, бұл – Қадыр поэзиясы барлық жасқа тән деген сөз.


Сөйтіп, әр буын Қадыр жырларынан өз керегін табады, сонымен сусындайды, кемелденеді, рухани толысады.


Қадыр шығармаларының поэтикалық қуаты да осында.


Қадекең туралы екінші ой: Қадыр Мыр- за Әлиді ақын емес дер едім... Әрине, ақын деген мәртебелі ат, қасиетті атақ. Бірақ осы атты жамы-


 


лып, оның қасиетін кетіріп жүргендер бұл заманда көбейіп кеткендіктен, мен айтар едім: Қадыр Мыр- за Әли – бүгінгі таптаурын, жауыр болған түсінігі- міздегі ақындықтан бір саты жоғары тұр.


Менің ұғымымда, Қадекең – ойшыл, философ. Оның поэзияны таңдауы – ойын жеткізудің форма- сы, тәсілі ғана сияқты.


Үшінші ой: Табиғи талант барда оны ұдайы ұштап, жетілдіріп отыру бар. Бүгінде талантты ақындар көп, алайда білімнің жөні бір басқа.


Қадекең поэзиясы әлемдік мәдениеттен сусын- даған. Ол ұлттық тар шеңберде шектеліп қалмаған. Қадыр шығармашылығы өрісі кең, айтары ауқымды. Ақын-жазушылардың ішіндегі аса бай, құнды, кіта- бы мол кітапхананың Қадыр Мырза Әлидің үйінде болуы да осы сөзіміздің дәлелі.


Төртінші айтарым: Мен бұғы-марал өсіретін Катонқарағай деген жерденмін. Ол жер қазақ жерінің қиыр шығысында, Моңғолияға таяу.


Сол жетпісінші жылдардың ортасы, бозба- ла кезіміз, Аманжол деген механизатор досым үй- ленді.


Тамада өзі әнші, әзілкеш, тілдің майын тамызған тақылдап тұрған бәле екен. Құда сөйлесе де, құдағи сөйлесе де Қадекеңнің өлеңінен цитата алып, сөз береді. Цитата емес, өлеңдерді тұтастай жатқа соғады. Жас сөз берсе де, жасамысқа берсе де “Қадыр Мыр- залиев айтқандай... немесе Қадыр Мырзалиев былай дептіні” қосып тұрғаны.


 


Той жақсы өтті. Екінші жағынан әлгі той Қа- дыр Мырза Әлидің поэзия кешіне айналып кетті. Сөйтсек, сол жылы Қадекеңнің жаңа кітабы шығып, ел-жұрттың бәрі жапа-тармағай оқып жатқан кез екен.


Бұдан менің айтайын дегенім – Қадыр Мырза Әли атының да, поэзиясының да халық арасына кең таралғандығы. Қазір де Қадырдың бірауыз өлеңін оқымай, Мырза Әлиден цитата келтірмей өтетін той- лар сирек. Кемеліне жеткен талант, шығармашылық бақыт деген осы шығар, ағайын!


Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рақмет!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы