05.01.2022
  165


Автор: Әлібек Асқаров

АЗАМАТ КелБеТі - 7

Жетінші әңгіме


Ережеп болыс боп тұрған заманда жоғарғы жақтан “сайлауға дайындалыңдар” деген жарлық түседі.


Мұндай хабар алған бетте Қаратай ұрпағы аяқ астынан бүлініп, екі партияға бөлініп шыға келеді. Шоңмұрын, Сарғалдақ, Кәлім бір жаққа шығып, бір партия құрайды. Шоңмұрыннан шыққан Шөгел би “енді билікті біз аламыз, кезек бізге келді, Мәметектен кейін біз би боламыз”, – деп ел арасына әңгіме тара- тып жібереді.


Дәулет, Шеруші, Болат, Бескенің балалары екінші партия болып топтасады. Сөйтіп, екі жақ та сайлауға дайындық жұмыстарына бел шешіп кірісіп кетеді. Шоңмұрынның өкілі Шөгел би Катондағы Қаракемерге жеті ақ отау тігіп, өңкей көкқасқа бие- ні байлатқызып, үш-төрт саба қымыз дайындатып отырады. Атан қой, дөнен қой, құнан қой, ісек қой- ды сайлаудың келімді-кетімді қонақтарына деп он- ондап көгендеп қояды.


Шөгел өзінің сегіз қанат ақ отауын әлемдеп, түрлі ою-өрнекпен көмкеріп, бар өнерін салып, қатты дай- ындалады. Сол кездегі сайлау жүйесі бойынша жер- гілікті болыс сайлауымен қоса, мың басы, елу басы, он


 


түтін басы қоса сайланады екен. Ресейге Думаға да осы жолы депутат ұсынуға тиіс. Бұл жолы Ергенектің үш баласынан (Сарыжомарт, Бура, Көкжарлыдан) депутаттыққа кандидаттар ұсынбақшы болады.


Сөйтіп, Думаға депутаттыққа үш кандидат та- ласады: Сарыжомарттан бір азамат, Көкжарлыдан бір азамат, сосын Сәттібай баласы Ибраим (Мәме- тек ұрпағы). Осылардың ішінен Ибраим Думаға депутатқа өтіп кетеді. Бұл 1906 жылдың уақиғасы еді. Ибраим Әулие-Петерборға барып, ол жақтан, яғни Думадан қонқан тон киіп қайтады. Ибраим Қазан университетін бітірген, көзі ашық, көкірегі ояу сауат- ты азамат еді. Әкесі Сәттібай Қазанғапұлы дәулеті шалқыған бай, абыройлы адам болған. Тіпті Ережеп- тен де бұрын екі рет болыстыққа ұсынылған беделді кісі. Мәметек ұрпағы деп, Сәттібай өлгеннен кейін Ережеп болыс болып сайланады. Сәттібайдың әкесі Қазанғап осы Шу өзеннің бойында (қазіргі Чернова) туған, осы жерде өскен, осында өлген. Зираты да осы Черновада.


Енді Қаратай елінің сайлауы жөніне қайта оралайық. Бескенің үш баласы Шыңғыстайдағы Бекетте үй тігіп, сайлауға дайындалады. Омбыдағы генерал-губернатордан да өкіл келуі мүмкін деген қауесет тарайды.


Ақыры, күткен бастықтар айтылған уақыт- та қоңыраулатып жетеді. Жалт-жұлт еткен эполет, оқалы шекпен таққандардың бәрі Алтай станицасы- на түседі. Алтай станицасы – Катонның іргесіндегі


 


казактардың поселкесі. Омбыдан арнайы келген генерал-губернатордың өкілін Шөгелдің тобы Алтай казачествосының атаманы Бессоновпен бірге қарсы алады.


Омбыдан келген бастық полковник дәрежесінде екен. Басқа шабармандарды есептемегенде, пол- ковник Семей уезінен екі аудармашы қазақты ерте келіпті. Шөгел өкілдерге Қаракемерде аппақ киіз үй дайындап қойғанын айтып:



  • Құдайы қонақ болыңыздар, – деп өтінеді.


Бірақ полковник:



  • Мен демалайын, қонаққа өкілдерімді жібе- рейін, – деп бас тартады, содан кейін: – Сайлауды мен тек Шыңғыстайда өткіземін, маған генерал- губернатор солай деп нұсқау берді. “Болыстыққа тек Мәметек ұрпағы сайлану керек” деп тапсырды, – деп жағдайды жайып салады.


Мұны естіген Шөгел жағының тауы шағылып, тығырыққа тіреледі, ренжиді.


Бірақ, амал қайсы, губернаторға қарсы шығар шама қайда, барлығы лажсыз Шыңғыстайға сайлауға жиналады. Жүздеген адам Қиынжырадан тас дома- латып, полковниктің тарантасына жол дайындайды.


Өкілдер Бекеттегі үйге келіп, тізіммен танысып, сайлау жүйесін тексереді. Көптеген қателіктер бары анықталады, соған түзетулер жасалады. Қаратай елінде тұратын 18-ден жоғары қарайғы азаматтар мен азаматшалардың барлығы да Думаға депутатқа да- уыс беруге құқы бар екен. Соны ескертеді.


 


Сонымен, Ережеп жоғарыдан келген шекпен- ділердің алдында үш жылдық жұмыс жөнінде есеп береді.


Полковник аудармашысы арқылы сұрап-біліп, бәрімен тілдесіп отырады. Орысша білетін адам- дардан хатшы сайлайды. Әр рудың үлкені сөз алып, келелі әңгімелер қозғайды.


Полковник қорытынды сөз сөйлегенде:



  • Маған генерал-губернатор берген тапсырмада болыстыққа Мәметек ұрпағы өту керек, – деп тағы да кесіп айтады. Сөйтіп, Ережеп болыстыққа, Ибра- им Думаға депутаттыққа өтіп кетеді. Соңынан әрбір рудан билер сайланады.


Бұл – жиырмасыншы ғасырдың енді басталып жатқан кезі екен. Сол кездегі сайлау жөнінде менің естіп-білгендерім осы.


 


* * *


Абдолла ақсақалдың айтқандарын үлгергенім- ше жазып алғаным, ол кісінің дәптерге түсіріп, маған тастап кеткен естеліктері осылар. Уақыттың тапшылығын сылтау етіп талай дүниеден айыры- лып жатырмыз ғой. Шежіре қарттар бүгінде таусы- лып бітті. Олар нелер бір ұлағаттар мен өсиеттерді өздерімен бірге ала кетті. Енді олар бізге ешқашан қайтып келмейді, қоңырлатып әңгімесін айтпайды. Солардың бірі – “Могиканның соңғы тұяғындай” болған Абдолла ағамыз еді, бүгінде ол кісі де мәңгіге жоқ.


 


Топырағыңыз торқа болып, пейіште нұрыңыз шалқысын, Өр Алтайдың асыл туған перзенті Аб- долла Шегірұлы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу