05.01.2022
  166


Автор: Әлібек Асқаров

АЗАМАТ КелБеТі - 6

Алтыншы әңгіме


Жалпы, біздің Қаратай жұртына мұсылман діні пәлендей сіңе қоймаған. Қай заманда екені белгісіз, осы жағдайды ескеріп, Мәметек Каир қаласынан он алты жастағы Нәдір қожа, Сәдір қожа деген екі жігітті алып келеді. Содан халықтың бетін дінге бұрып, сүннет еткен, бес уақыт намазға жығып, Құран оқуға үйреткен екен. Сөйтіп, Қаратай жұртын дінге бұр- ған – таза Мәметектің еңбегі.


Мәметек өзі өлгенге дейін билігі жүрген беделді кісі болған. Сол заманда “Староверлерді”, яғни кер- жақтарды жаз айында он бес кісі күзет қойып, Қатын өзенінен бері қарай өткізбепті. Кержақтар біздің жақты Мәметек дүние салған соң ғана жайлай баста-


 


са керек. Оның өзінде олар беріге өтпей, тау арасын- да, яғни біздіңше “ішкі жақта” – Коробиха, Сенное, Черемошка төңірегіне қоныстанған.


Ежелде үлкен кісілер тобықтының көсемі Құ- нанбай Өскенбайұлы аға сұлтан болып сайланғанда Мәметекті қонаққа шақырған екен деп айтып оты- ратын. Бірақ Мәметек “денсаулығым нашарлап, кәрі- лігім де жақындады” деп бара алмайтынын айтады. Сөйтіп, Құнанбайдың өзін қонаққа шақырыпты. Осылайша, жаз орталай Семейден пароходпен шық- қан Құнанбайды Мәметек Қызылжардан өзі қарсы алыпты. Ол Қызылжар ауылы қазір Бұқтырма су қоймасының астында қалды. Құнанбай Алтайдағы қазіргі Мәметек жайлауында болып, біраз күн дема- лып қайтқан екен деседі. Әйтеуір қазақтың данагөй қос ұлының бірін-бірі білгені, қадірленгені шындық секілді.


Ал, енді Мәметек қанша жасады дегенге ойла- нып көрейік. Мәметек туралы Бошай Кітапбаевтың шежіресінде 1808 жылы туып, 1862 жылы қайтыс болған дейді. Бұл – даулы пікір. Қабырға ауылында тұратын, сүйегі шимойын Орынбай деген кісі кезінде Ережепке шабарман болыпты. Сол кісі Мәметек кәрілігі жетіп, Шыңғыстайда қайтыс болған деп маған айтқаны есімде. Әбдікерімнің шабарманы Қаданның баласы Иса да Мәметек кәріліктен дүние салды дейді. Елдің қариялары кейде бір-біріне “Мәметекті жұтқан сұм ажал бізді қаңбақ құрлы көрсін бе” деп қалжыңдасқандарын да талай естідік.


 


Қалай болғанда да, Қаратайдың жұртын қазақ халқының шығыс шеттегі мықты бір тірегі жасап кеткен Мәметекті кейінгі ұрпақтың біліп жүргені ғанибет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу