05.01.2022
  150


Автор: Әлібек Асқаров

АЗАМАТ КелБеТі - 4

Төртінші әңгіме


Мені 1935 жылы комсомолға алды. Алу себебі мынадай: Қайырханның Бақыжаны қойшы болатын, мен сол кісіге көмекші едім. Бірде момын Бақыжан- ды қашқынмен байланысы бар деп, алдарына са- лып түрмеге алып кетті. Мен ол кісінің таяғын ұстап қой бағып қалдым. Толыбай деген жерде комсомол комитетінің екінші хатшысы Абауов Есім деген жігіт мені комсомолға кір деп үгіттеді. Мен “қараңғымын, сауатсызбын” деп едім, окытамыз, үйретеміз деп көнбеді. Содан мені Шыңғыстайға шақыртты. Ком- сомолдың ұя-хатшысы Бейсенов Шағиман деген


 


апай өмірбаянымды жазып алды. Сосын Катонға комсомолдың бюросына жіберді. Ол жерде тоғыз кісі бюро мүшесі, ішінде бес орыс, төрт қазақ бар екен. Мен орысша білмеймін, берген сұрақтарына қазақша жауап беремін. Орта бойлы, әдемі бір қазақ маған жылы жүзбен қарап, сөздерімді аналарға ау- дарып отырды. Бюродан шыққаннан кейін Абау- овтан “бұл кісі кім” деп сұрадым. Семейдегі сов- партшколаны бітірген мықты кісі, қазіргі аудандық партия комитетінің екінші хатшысы Ахмет Төлеге- нов ағамыз осы деді. Кейіннен комсомол жиналысы, слеттерде Ахмет ағамен кездесіп, әредік тіл қаты- сып жүрдік. Көпке жақсылық жасаған асыл азамат 1937 жылдың 15 қазанында бір топ адамдармен бірге “халық жауы” деп ұсталып кетті. Содан хабар- сыз қалдым. Ахмет ағамыздың 1938 жылы 11 нау- рызда Алматыда ату жазасына кесілгенін, үкім сол күні орындалғанын бертін білдім.


Менің көкейімде әдемі әсер қалдырған осы кісі – Ахмет Төлегенов – қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың әкесі екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу