05.01.2022
  198


Автор: Әлібек Асқаров

АЗАМАТ КелБеТі - 3

Үшінші әңгіме


Менің туған ауылым Чернова, оның да өзіндік тарихы бар. Ол Шу өзені мен асау Бұқтырманың жағалауында орналасқан. Бұл араны ежелден-ақ Дәулет Едіге баласы Қазанғап мекендеген. Қа- занғап көп мал ұстаған, тіпті бертін келе егін салу- мен де айналысқан кісі бопты. Жалшыларына арық қазғызып, егістікті суарған. Қазанғап қаздырған арықтың орны әлі күнге сайрап жатыр. Бірақ 1870 жылдар шамасында мұнда переселен орыстар көшіп келіп, қазақтарды ығыстырып, оларды құнарсыз, тастақ тақыр жерлерге қуып салған. Сөйтіп, мұжықтар осы ауылда қарағайдан қиып үйлер тұрғыза бастай- ды. Ол үйлердің кейбірі күні бүгінге дейін бар. Одан соң селода ағаш шіркеу, су диірмені және тері илейтін зауыт салынады.


Кеш болса-ақ село у-шуға толып, уақыт өткен сайын селоның көлемі ұлғая түседі. Содан орыс біткен


 


сходкаға жиналып, селоға Бийск қаласында тұратын Ресей Думасының депутаты Черновтың есімін бе- руді ұйғарысады. Содан бері “Черновое” деген атау сақталып қалды.


1918–1919   жылдардағы   аласапыраннан   кейін бүкіл болыс-билер орнынан алынып, 1920 жылдар- дан бастап Черновада тек орыстардың басын қос- қан “Черновинское волостное управление” құрылды. Бұған 45 ауыл кірді, 32 староста болды. Марқакөл мен Үлкен-Нарын ауданында тұратын орыстар да түгел осы управлениенің қарамағына енді. Есеп- қисап беретін жері – Бийск, уезі – Земейногорск қаласы болды. Енді Қазақ болыстығы жөніне келетін болсақ, олардың басын Шыңғыстай болысы біріктірді. Шыңғыстай болысына он ауыл қарады. Бұл болыс Семей уезіне бағынды. Шыңғыстай бо- лысы қарайтын Шыңғыстай ауданы 1929 жылы 20 қыркүйекте Қатонқарағай ауданына біріктірілді.


Ол кездегі Шыңғыстай аудандық атқару коми- тетінің төрағасы Абсалямов Елеубай деген кісі бол- ды. Елеубай Семейдегі совпартшколаны бітіріп, осы жаққа арнайы жіберілген азамат еді. Байлар- ды тәркілеп, жер аударып, жеке меншікті құртып, ұжымға біріктірген белсенді болды. Катонқарағайда 1929 жылдан 1931 жылдың аяғына дейін жұмыс істеді. Соңынан, ең қызығы – осы Елекең бір байдың қызына ғашық болып, ақыры соған үйленді. Содан кейін-ақ қудалауға түсіп, түрмеге жабылатын болған соң, ақыры келіншегімен Таулы Алтайға қашып кетті.


 


Сол жақта үйлі-баранды боп ұзақ жыл тұрып қалды. Шыңғыстай ауылына бала-шағасын ертіп, соғыстың алдында ғана оралды.


Шыңғыстайдың ескі тарихынан біраз айта кетей- ін... 1906 жылы Қазанғаптың немересі Сәтібайдың ұлы Ибраим Думаға депутаттыққа сайланады. Ибраим – орысша, татарша жақсы білетін еді. Қазан универ- ситетін бітірген сауатты азамат бопты. Яғни, қазақ арасынан шыққан Думаның алғашқы депутатының бірі осы Ибраим Сәтібайұлы екенін ұмытпаңдар.


Кейінгі жылдары Әбдікерім Ережепұлы Думаға депутат болады. Содан ақ патшаның астанасына ба- рып, Петербург қаласынан қонқан тон киіп қайтады. Ұзақ жылдар бойы ел басқарып, болыс болған Әбдікерім осы Қаратай жұртының ауызбіршілігін нығайтуда, уыздай ұйыған берекелі ағайын етуде көп еңбек сіңірді.


Халқымыздың көсемі Әлихан Бөкейханов та Думаға депутаттыққа 1906 жылы ұсынылғаны бел- гілі. Осыны ойлаған кезде біздің Шыңғыстайдың, яғни Думаға депутаттар ұсынып жүрген Қаратай жұртының қоғамдық өресінің биіктігін, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған ұйымшылдығын байқауға болады. Қазақ елінің сол кездегі саяси өмірінде Шыңғыстай елеулі рөл атқарған.


Шыңғыстайда 1907 жылы қазіргі Әбдікерім атындағы мектеп салынғаны тарихтан мәлім. Қазақстандағы шаруа қазаққа арналған алғашқы мектептің бірі осы. Оны “Школа крестьянской моло-


 


дежи”, яғни, қысқартып айтқанда “ШКМ” деп ата- ды. Қазақтар кейін өз мақамына ыңғайлап “Шеке- ме” деп атап кетті. Әйгілі ғалым Сәрсен Аманжолов осы мектептің түлегі. Сондай-ақ бұл мектепте қырық шақты орыс балалары да оқыды. Олар Черновадан күнделікті атпен қатынап тұрды. Осы мектептің көп түлегі кейін үлкен қызметтер атқарды. Копылов деген генерал да шықты.


Шыңғыстай жөнінде тағы бір дерек: 1919 жылы Әбдікерімнің орнына сүйегі Көкі, Көдебайдың Қа- лиы болыс боп сайланып кетеді. Бұл кісі де орыс- шаға жүйрік, жаңағы “Шекеме” мектебінен шыққан екен. Бірақ бір жарым жылдан соң орнынан түсіп қалады да, қайта Әбдікерім болыс болады.


Мінеки, ел мен жердің үлкен тарихынан аз мәліметті білгенімше қағазға түсірдім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу