05.01.2022
  214


Автор: Әлібек Асқаров

АЗАМАТ КелБеТі - 2

екінші әңгіме


Мәметектің қолында өскен бір інісі, турасын- да Жанмырза деген ағасының баласы Мәмбет деген жігіт болыпты. Ол жастайынан, он беске толар-тол- мастан батыр атанған екен.


Мәметек жылдағы әдетінше жаз шыға жайлауға көшеді. Мәметектің бір туысы Байбөрді тұрмысы ке- дейлеу кісі екен. Жайлауға көшейін десе көлік жетпей қалады. Содан Байбөрді бір қулық ойлайды... Көшіп бара жатқан көшін шығыстан алты жігіт қуып жетіп, шабуылдаған болады. Мәмбет ол кезде он бестегі жасөспірім жеткіншек, қалғандары тегіс әйел екен. Ер-азаматтар бәрі мал айдасып, Мәметекпен бірге жайлау асып кетсе керек. Байбөрдінің тентектері Мәметектің бір тоқалын аттан аударып тастайды, көштің берекесін кетіріп, бала-шағаны ұлардай шула- тады.


Мәмбет сол арада жаспын деп жасқанбастан, шапқыншылық қылған алтаумен айқаса кетеді. Өзі керемет қамшыгер екен, алтауын бірдей аттан құлатып, үзеңгілерін қанжығаға байлап, аттарды бір салып қоя береді.


Алты жігітті арқанмен көгендеп, көшпен бірге жайлауға айдап апарады.


Мұны көрген Мәметек “не болды” деп аң-таң. Мәмбет үндемесе де, бәрін көрген көп әйел шулап қоя береді. “Бәрін жасаған сенің туыстарың! – дейді бәйбіше ренжіп. – Бізге шабуыл жасады, еркем бол- мағанда мазаққа қалғандай екенбіз!”


 


Сонда Мәметек Байбөрдіні жатақта қалдырғаны есіне түсіп: “Менен бір қателік кеткен екен. Ағайын- ды ашындырмай, екі үйір жылқы қалдырыңдар!” деп тапсырма беріпті.


Күздігүні Мәметектің жігіттері Қытай асып, Сарысүмбе жақтан барымталап жылқы ұрлайды.


Жүз елудей бас жылқыны қолға түсіріп, айдап келе жатқанда, Қаба бойында соңдарынан қуғын- шылар атойлап қуып жетеді. Керейдің еңгезердей бір батыры ұрандап жекпе-жекке шақырады. Бұл жақтан ойқастап жас Мәмбет шығады. Екі батыр шоқпармен қағысады. Қалай болғанда да Мәмбет жас қой, шапшаң қимылмен есе бермей жүреді. Ен- дігі бір мезетте Мәмбеттің шоқпары бата тимей, қата тиіп, керейдің боздағы сол жерде мерт болады. Қуғыншылар батырдың сүйегін алып, кері қайтып кетеді. Мәмбеттің жігіттері көп жылқыны айдап әкеліп, ел-жұртқа таратып береді.


Артынша қар жауып, қыс түсіп, Тарбағатай асуы бекітіліп қалады. Сондықтан да қыс бойы Қытай жағынан қауіп келмейді. Жаз шығып, күн жылынған кезде Мәметек: “Мен енді Тарбағатай жақты жай- ламайтын болдым, Бұқтырманың арғы бетіне, Ша- банбай жаққа жайлауға шығам. Керей кектеніп қалды”, – дейді.


Деп отырғанда ойда-жоқта асуды асып үш жүзге тарта адам сау ете қалады. “Құн даулап келдік, – дейді олар. – Мәмбетті ұстап беріңдер, өз қолымызбен өлтіреміз. Сосын малымызды алып кері қайтамыз”.


 


Мәметек би осыны сезгендей екен. Қыс бойы ел ақсақалдарымен кеңес құрып, бір байламға тоқталса керек. Батырдың құнына бес бойжеткен қыз береді. Сұраған малдарын алдарына салады. Өздерін бір ай бойы асты-үстеріне түсіп, құрметтеп күтеді. Бірақ Мәмбетті өлтіруге бермейді.


Ескі қариялар “әлгі үш жүз қонақтың бір ай бойы жеген малының терісі шөмеле боп үйіліп қал- ған екен” деп еске алып отыратын.


Мәмбеттің батыр атануы, мінеки, осылай болған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу