05.01.2022
  287


Автор: Әлібек Асқаров

ТҰРҒАБЫл МеН МАҒИЗА

“Әйел парасаты” циклынан


Қырымбекке


 



Бұл әңгімеге арқау болған аяулы жандардың екеуі де қазір өмірде жоқ. Олар туралы артық


кетіп, кем түсіп жатсақ, соңында қалған ұрпағынан кешірім сұрай отырып, өткен ғасырдың сексенінші жылдары Сыр өңірінде болған осынау ғажайып оқиғаны қаз-қалпында баян етуге тырыстық.


* * *


Алпыстың бесіне ауған шағында Мағиза апай аяқ астынан дертті болды.


Ұзақ ғұмырында дәл бүйтіп төсек тартып, көкжамбас боп жатып көрмеп еді. Әрине, суық тиіп тұмауратып, бас ауырып, балтыр сыздаған кездер болған шығар. Бірақ ондай жеңіл-желпі науқасты жүре көтеріп, ары кетсе бірлі-жарым күн үйде ем-дом жасап, ертеңінде шапқылап шаруасына кете баратын.


 


Бұл жолы мұрттай ұшты, оңбай құлады. Тіршіліктің таусылып бермес күйбеңімен байқамаған екен, атың өшкір, қиын кеселге тап болыпты.


Бұлай болады деп кім ойлаған...


Алаулаған жастық шағы сұм соғыстың алапа- тына дөп келді. Содан не керек, тұрлауы жоқ мынау жалғанда Мағизаның көрмегені де, көнбегені де жоқ. Тағдырдың тарантасы қалбағай ойнатып қиынның көр соқпағына да салды, қиырдың қиясында да сына- ды. Ойлап қараса, бұл Мағиза қыз болып жарқырап киініп, келіншек боп жадырап көңіл көтермеген екен.


«Көппен көрген ұлы той» демесең, өмірінің жарты- сы қара табан батпан тірлік, бел қайыстырған ауыр жұмыспен өтіпті. Еккені күріш, естігені ұрыс болып- ты. Енді бағамдаса, сол күйсіз күйбеңінің уанышынан гөрі, қайғы-мұңы молдау болған сияқты. Кейінгі он- он бес жылдың ар жақ, бер жағында ғана ғой, елдің бағыты баянға, ісі ілкімге ілініп, халықтың да аузы аққа тие бастағаны.


Шүкіршілік, өмірдің қиындығына қарамастан маңдай терін моншақтатып, үш ұлын қатарынан қал- дырмай оқытты, жеткізді, бәріне жоғары білім әперді. Ендігісі табандағы тұяғындай, қолындағы қияғындай болған сол балапандарының үшеуі де мақтан етер мықты азамат, мынау деген бір-бір маман. Үлкені Мерғали институттан соң туған ауданына келіп, көп жылдар бойы көрші кеңшарда агроном болып қызмет жасап еді. Соңғы кезде өзі туып-өскен ауыл жаққа ауысып, кеңшар басқарып жүрген жайы бар. Ол ұлға


 


Мағиза бек риза, көргенді, түйгенді тұңғиық жігіт бо- лып өсті. Бүгінде еліне абыройлы, жұртына беделді, шаруасы да оңынан туып, шаруашылығының да тасы өрге домалап тұр. Қалған екі ұлы да қара жаяу қалған жоқ, білдей инженерлер. Бұл күнде үшеуі де үйлі- баранды, Мағиза болса келін түсіріп, немере сүйіп отырған ардақты ана, аяулы әже.


Осы үш ұлды жеткізем деп желпілдеп жүргенде өмірінің жазы өтіп, тұнжырап қара күзінің де келіп қалғанын аңдамапты. Қуанышын да, уанышын да жылдар жылымы жұтып қойғанын аңғармапты.


Енді, мінеки, аяқ астынан асқазанға дерт байла- нып, айы мен күнін санап қалған жағдайда. Тағдырдың жазуына шара бар ма, бәрін де көресің, бәріне де көнеді екенсің... Үлкен ұлдың апармаған қаласы, көрсетпеген дәрігері жоқ. Ауданның құзыреті жетпеген соң, облысқа тексертті. Өкірген бастық, қолы ұзын, тамыр- танысы баршылық... сөйте тұра облыстың да шамасы келмеді білем, арнайылап Алматыға ұшақпен өзі апа- рып қайтты. Қайда апарса да дамылдап жатқызып, ем беріп еңсе көтергендері шамалы. Сылдыр сөзбен алдап-сулаған болысады, арқадан сипап, қолтықтан демеп шығарып салысады. Содан-ақ, ұл мен келін сыр бермесе де, Мағизаның іші бір жамандықты сез- ген. Оның үстіне асқа тәбеттен қалды, күні озып, өзі азып бара жатқанын анық байқады.


Ақ халатты ақылман дәрігерлердің де, көзіл- дірікті көсем профессорлардың да дәрмені жетпес бір тықырдың таяғаны шындық еді.


 


* * *


Қыркүйектің қарбаласы саябырсып, егін оры- лып, еккен жиналып, шаруашылықтың арқаны кеңге салған шуақты күнінің бірінде Мағиза үлкен ұлын қасына шақыртты.



  • Әй, балам, турасын айтшы, енді қанша өмірім қалды? – деді сұрақты төтеден тартып.

  • Апа, оныңыз не? Жаманатқа бастамаңыз! – деп Мерғали көзі тайғанап, тура жауаптан сырғақси берді.

  • Жарайды, жаман да, жақсы да сөз айтпайын. Дегендерің-ақ болсын... Бірақ сен маған анау Мұта- лап ауылындағы Тұрғабыл ағаңды шақыртып берші.

  • Қай Тұрғабыл? Е... әлгі мұрап болған домалақ шал ма?

  • Иә, сол кісіні...


Мерғали кібіртіктеп, айтар сөзі көмейіне кептеле берді:



  • Апа, өзіңді-өзің шаршатпай, демалсаң етті! – деді.

  • Әй, балам, сен өйтіп маған ақыл үйретпе! – деп Мағизаның дауысы бұл жолы өктемірек шығып кетті. – Менің шаршамайтын, демалатын күнім алыс емес. Сендер жасырғанмен, өзім бәрін біліп те, сезіп те жатырмын... Шақыр деген соң, шақыр былай! Тап қазір алдыма алып кел!


Амалы жоқ, Мерғали тілін тістеп, желкесін қасып үйден шығып жөнелді. Жүргізушісін шақырып мән-жайды түсіндірді де, оны дереу көрші ауылға жұмсап жіберді.


 


Көрші ауыл оншалықты алыс емес-ті, небәрі жи- ырма шақырымдай ғана жерде еді. Екі арада шаңы бұр- қырап сайрап жатқан төте жол. Солай бола тұра жүр- гізуші сандалып қайда жүргені белгісіз, екі жарым сағат бойы жоғалып кетті. Не заматта ғана қасында ешкім жоқ, басы салбырап, сопиып жалғыз өзі келіп тұр. Мерғали бұл күні шаруадан дамыл алып, шарбақ түбіндегі орындықта ойға батып қарадай шаршап отырған. Аталақтап жеткен жүргізушісін қабағын


кіржитіп, басын шайқап  ренішпен қарсы алды.



  • Шалды күтіп, айналып қалдым, – деді жүр- гізуші қипақтап.

  • Содан?..

  • Содан, шал сүйретіліп бір жақтан кешігіп келді...

  • Мен қайдан келгенін сенен сұрап тұрғам жоқ, шал қайда деймін? Неге әкелмедің?

  • Келмей қойды...

  • “Деректір шақырып жатыр” деп алқымдама- дың ба?

  • Айттым... өзі бір қиқар кісі екен. “Менде ша- руасы болса деректір өзі келсін” деді.

  • Өй, сен де бір ынжық болдың-ау. Қаттырақ айтпадың ба? Деректір не... зейнеткер шалға ойын- шық боп па?


Мерғали аузы-мұрны жыбырлап, былай қарай шырт түкірді де, орнынан тұра берді.


Әдетте шешесі Мерғалиды көп жұмсамайтын, ба- сын ауыртып артық міндет те артқан жері жоқ. Ауыр


 


науқас үстіндегі бұл назасы тегін еместігін Мерғали іштей сезді.


Домаланған Тұрғабыл шақырғанға келмесе, кө- теріп әкелсе де ол шалды шешесіне өзі жеткізуге бекінді.


Жейдешең отыр еді, үйге кіре апыл-ғұпыл киінді де, рөлге өзі отырып, көрші ауылға тартып жөнелді. Қиқар болса да, қитар болса да, ол шалдың кердең мінезін өзі көріп алмақ.


* * * Тұрғабыл үйінде екен.


Шақырсаң келтіре алмас кеңшар директоры оқыс үйге кіріп келгенде, үйдегілердің әбігері шық- ты. Не істерін білмей балалары да, келіндері де абыр- сабыр болысты.


Мерғали кірген бетте үй ішінің жадау жиһазы мен қоңырқай кейпін байқады да, ақсақалда шұғыл шаруасы барын сылтауратып, дастарқаннан сыпайы ғана бас тартты.


Бұрын-соңды Тұрғабылды түстеп көрмеген екен, бақса бұл шалың домаланған шымыр, қаршығадай қағілез кісіге ұқсайды. Төргі бөлмеде құс жастықты шынтақтап ала көрпе үстінде алаңсыз телевизор қарап отыр. Қолында тістеуік, тегі телевизордың сынған құлағын сонымен бұрап қоятын сыңайлы. Мерғали қос қолын ұсынып сәлем беріп, шалдың қасына тізе бүкті.



  • Ақсақал, әдейі шақырып, көлік жіберіп едім, келмедіңіз ғой? – деді көңілдегі кірбеңін жасыра ал- май.


 



  • Мендей шалды деректір не қылмақ екен сон- да? – деп шал ұмтылып барып тетігін басты да, теле- визорды өшіріп тастады.

  • Сізді шақыртқан мен емес, шешем еді...


Тұрғабыл бұл сөзге елең етіп, ойланып қалғандай болды.



  • Мағиза шақыртты дейсің бе? – деп, әңгімеге енді ғана ықылас білдіріп, қайта бұрылды.

  • Иә, шешем сырқаттанып жатыр еді, сізді “келіп кетсін” деді. Алдыңыздан өтейін деп, екінші рет өзім келіп отырмын.

  • Мағиза де... – шал тұқшиып ойға шомып оты- рып қалды. – Шешең шақыртса барайын! – деді со- сын. – Әуелден мінезі тік, суы қатты жан еді, барма- сам шешеңнен таяқ жеп жүрермін.


Сөйтті де көтерем қойдай созалаңдап орнынан тұрды, киініп, қиралаң қағып Мерғалидың соңынан ерді.


* * *


Қалжырап көзі бір мезет ілініп кеткен екен, Мағи- за мөңіреп ашылған есіктің дауысынан оянды. Мерға- ли ұлы келіп қалыпты. Өкпесі алқынып қысталап жат- са да, көңіл құрғыр сергек, бағанадан бері ұлдан өзі де бір хабарды тағатсыз күтуде болатын.



  • Келді ме, балам? – деді елеңдеп.

  • Келді, апа...


Тұрғабыл алдыңғы бөлмедегі келін мен балаларға аялдап, домаланып енді ғана кіріп келеді екен.



  • Мағиза, аманбысың?


 



  • Шүкіршілік.


Жыбыр-жыбыр жылжып, Тұрғабыл төсектің аяқ жағындағы орындыққа барып шоқиды.



  • Ауырып қалды деп естідік қой...

  • Ауырсам көңіл сұрап неге келмей жатырсың?

  • Біздің ұлдар сенікі секілді бастық емес, кө- ліктері жоқ, қара жаяу... содан тұсаулы аттай үйден ұзап шыға алмаймыз.

  • Бұл келісіңе де ризамын!

  • Жорғалап жеттік қой, әйтеуір...

  • Рақмет!


– …



  • Сен Мағиза әжептәуір жүдеген екенсің. Шы- нын айтсам, бүгін өзіңді азар танып отырмын. Қара тастай қайратты едің, қайсар едің... Осыншалық не күн туды басыңа?

  • Бәрі де келмеске кетті ғой, Тұреке. Осы жасқа дейін қайыспай-ақ келіп едім, мына бәле сайтандай сарт етіп қайдан жабысқанын білмей қалдым.

  • Ұмытпасам, сен менен тура он жас кіші емес пе едің, Мағиза? Ғұмырың әлі алда, алдымен мені қуып жетсең етті...

  • Әй, Тұрғабыл, бос сөзді қайтесің. Мен сені айыптасуға емес, байыптасуға шақырып отырғаным- ды сезесің бе? Жақынырақ жылжып отыршы, айтар сырым бар.


Босағада көзін төмен салып, тілін жұтып Мер- ғали тұрған. Келіні мен немерелері де бөлменің есігін айқара ашып тастап, алдыңғы бөлме жақтан жамы- рай қарап қалысыпты.


 


Мағиза оларды көзімен сыдырта бір шолып өтті де:



  • Сендер бәрің бара тұрыңдар... Мына Тұрғабыл ағаларыңа менің оңаша сөзім бар! – деп есік жаққа қолын сілтеді.


Келін мен балалар соңдарына жаутаңдай қара- сып, есіктен шыға берісті. Мерғали айқарма есікті сыртынан сырт еткізіп, ол да жоғалды. Балалары кеткен бойда Мағиза орнынан қинала тұрып, ая- ғын жерге түсірді де, төсектің жақтауына шоқия отырды.



  • Әй, Тұрғабыл, – деді тамағын кенеп, – мен кетейін деп жатырмын.

  • Кетер болсаң, барған жеріңе сәлем айт! – деп Тұрғабыл әзілдеген болды, еңкейіп Мағизаның қуарған салалы саусақтарын ұстады. – Көп күт- тірмей ол жаққа біз де аяңдап жетіп қалармыз... – сөзін үзіп барып, қайыра тағы тіл қатты, – әлде, Мағиза, не де болса мені күтіп, аялдай тұрғаның жөн бе? – деді.


Мағиза болмашы езу тартып, басын шұлғыды.



  • Сенімен қол ұстасып қайда баруға да әзірмін ғой мен. Ол жағын өзіңнің де ішің сезетін шығар. Бірақ бұл жолы күте алмайтын түрім бар.

  • Онда реніш жоқ, құр сәлем айтарсың!

  • Тұреке, қысыр сөзбен бір-бірімізді шаршатып қайтеміз... Сені неге шақырды дейсің ғой баяғы?

  • Иә, неге шақырдың? Қоштасып қалайық де- ген боларсың, тегі?


 



  • Оның рас, Тұрғабыл, қоштасайық деп ша- қырдым. Жаман-жақсылы болса да екеуіміз кісілік ілтипат, жарасымды сыйластықпен қатар ғұмыр кештік. Құдайға шүкір, барына да, бәріне де риза- мын. Әңгіме онда емес. Әңгіме – ақшам алдында мен өзіңе аманат айтайын деп отырмын. Жалғаннан жа- лауымды жықпай өтсем деймін. Мойнымда қарызым, ұлдарыма парызым қалмасын...


Тұрғабыл құдиған қабағын көтеріп, Мағизаның көтерем жүзіне түйіле қарады.



  • Аманат дейсің бе?

  • Иә, Тұреке, аманат...

  • Олай болса құлағым сенде, айта бер ама- натыңды?

  • Айтсам сол... Мына менің үш балам да сенің ұлдарың екенін білемісің?

  • Не дейт... Үшеуі де ме?

  • Иә, үшеуі де... Қылдан қиқым іздегендей бұл не үрей? Бұл қай күдігің сенің, Тұрғабыл? Мен не... тағы біреумен қыдырып қойды деп пе едің?


Тұрғабылдың басына қан теуіп, көзі лайланып, құлағы шулап кетті.



  • Жоқ енді... қайдан білейін... Мықты едің ғой сен... өжет едің, от едің...

  • Өжет болсам, от болсам өзгеге солай шы- ғармын. Бірақ сенің алдыңда жібектей едім ғой... Айдың атынан, күннің сәтінен жаңылған жерім бар ма? Жоқ!.. Көңіл сүйген азаматым майданға кетіп, ақыры ол жақтан қайтпай қалды. “Із-түзсіз жоғалды”


 


деген “қара қағаз” алдық. Ол жарықтық та келбеті келіскен маңғаз жанның бірі еді, аман оралса бас қосып, шаңырақ көтеріп, бақытты ғұмыр кешеміз деп арман етуші едік. Арманның қайсыбірі орындалып жатыр дейсің... Сонда да үмітімді үзбей, өзге еркектің бетіне тіктеп қарамай, арысымды күтем деп жүргенде отыздан астым. Өмір зымырап өтіп барады, уақыт болса тоқтаусыз кетіп барады. Содан тағдырдың толқымалы бір сәтінде сені кезіктірдім. Сол үшін де жаратқан иеме мың да бір ризамын. Тұнығымды шайқап, тұндырмамды иіттің. Түнде түсімде, күндіз ойымда жүрген жалғыз азамат та сен болдың.


Бастырмалатып жіберді ме, Мағизаның демі- гіп шаршағаны байқалды. Тұрғабыл болса дәл мұндай тосын сөзді күтпеп еді. Бұл өзі төбеден жай түскендей жаңалық болды. Не айтарын білмей тұтығып, аузы құрғап, тілі күрмелді. Бүкшиіп бұға түсті. Қипақтап қиналыс білдірді. Мұрын астынан міңгірлеп қалды.



  • Жарайды, – деді Мағиза жанарына жас шылап, – өмір өтті, кетті. Өмірдің қадірін өлім тая- ғанда біледі екенсің. Ескіні қопарғанмен ол бәрібір жаңармайды. Мен анау дүниеге күнә арқалап кеткім келмейді, Тұреке! Сен соны түсін... Балаларым шешелерінің өз аузынан естісін. Мынау үш ұлдың әкесі сен екеніңді бүгін мен оларға айтайын деп от- ырмын.


Тұрғабыл бағжаң етті. Біреу бүйірінен шымшып алғандай ыршып түсті.


 



  • Ойба-ай-й! – деді де, жұтына берді. – Ойба- ай, Мағиза, қой оныңды! Сен не... шынымен уыздай ұйыған отбасымның шаңырағын шайқайын дедің бе? Енді қартайғанда бәйбішем естісе, мойныма қамыт іліп қаңғытып жібермей ме! Қыздарым теріс ай- налып, ұлдарым бетіме түкірмей ме! Мағиза, сенің ақылың бар еді ғой, бұл не сөзің сенің? Райыңнан қайт... Мынауыңды жөн сөз дей алмаймын. Сені қойшы, әйелсің, мына мен енді қартайғанда күлметім ашылып, ел-жұртқа масқара боламын ғой...


Мағиза біршама уақыт үнсіз қалды, ой тереңіне батқан сыңайда. Сосын басын көтеріп, бойын тіктеді.



  • Е, осылай ақылға келсеңші! – деп Тұрғабыл сипақтай сөйлеп, көзін қамшылап қойды.

  • Ақылға келетін түгі де жоқ! – деп Мағиза шарт ете түсті, үнінен ызғар сезілді. – Масқара да болмайсың, әшкере де болмайсың. Соншалықты ат- тоныңды ала қашатындай не болды саған? Қалбырға құйған сынаптай сырғақсып... Ерлігің де, өрлігің де бір басыңа жетуші еді ғой? Жетпістің бесіне шықтың, бәйбішең Сағымбике де жетпістің үстіндегі кемпір. Енді сені қызғанатындай не қалды? Білемін, ағайын шулайды, кемпірің тулайды. Сосын шулаған жұрт қояды, тулаған кемпірің сабасына түседі... Солай, Тұреке! Менің өкінерім де, өшігерім де жоқ, ағайын алдында арым таза. Соны біліп қой...

  • Ойбай, Мағиза, шынымды айтам, жүрегім сезеді... «Дос егіз, дұшпан сегіз» дегендей, мынау кесіміңе келісу қиын, айықпас бәлеге ұрынамыз.


 


Тұрғабыл бөксесі жортақтап, орындықты сы- қырлата тұрып кетті.



  • Жоқ, Тұреке, сен өйтіп жалтақтама... отыр ор- ныңа! – деп зекіді Мағиза. – Табан ет, маңдай терім- мен асырадым, жеткіздім, үшеуін де азамат етіп өсір- дім. Арба көтере алмас азап шектім, сонда да саған салмақ салған кезім болды ма? Болған жоқ. Енді мен келмеске жиналып жатырмын. Қан да, жан да сенікі, қабыл ал! Қабыл аласың, қабылдайсың менің тілегім- ді. Жолды да, жөнді де білетін абыздық жасқа келдің. Осыншалық үрей шақыратын не болды саған?

  • Артын ойлаймын... соған алаңдаймын!

  • Алаңдама да, ойлама да... бәрін жақсылыққа жоры!

  • Апырмау, сен мені тығырыққа мықтап тіре- дің-ау! Не дейін енді...

  • Түк те деме, мен сөйлеймін. Сен аузыңды буып тыныш отыр, үндеме, ұқтың ба?

  • Ұқпағанда қайда барар дейсің...


Тұрғабыл тағдырдың жазуына лажсыз көнген жандай кеудесі құныстанып, бір уыс боп шөге түсті.



  • Мен саған әлі күнге таң қалам, Мағиза, – деді қоңқылдай сөйлеп.

  • Иә, неге таңданып жүрсің?

  • Соғыстан аман-сау қайтқан нелер бір атпал азаматтар болды ғой ауылда. Бәрі есімде, ол кезде сен жөні бөлек жан едің... асқақ едің, ажарлының айбын- дысы едің. Сол азаматтарға емес, сенің мына маған байланып қалғаныңа қайранмын. Сонда деймін-ау...


 


сен мына менің тоңмойын, томырық мінезімнен не таптың?



  • Олай деме, Тұрғабыл. Сен көңілі адал, ниеті түзу, санасы сара жанның бірісің. Қасиет қонған адам- сың. Мына ұлдарыңды қарашы, бірінен бірі өткен зор, ақылды, шетінен батыр тұлғалы азаматтар ғой.

  • Ұлдар маған емес, саған тартып туған сияқты.

  • Ұлдар екеуімізге де тартқан, Тұреке... менің адуындау мінезім, сенің тереңнен ойлар ақыл-пара- сатың жұққан бұларға.


Тұрғабыл мойындағандай басын изеді.



  • Ай, Мерғали, – деді Мағиза басын көтеріп. – Мерғали балам, бері келші!


Тегі, Мерғали алдыңғы бөлмеде жақында отыр- ды ма, шақырған сәтте лып етіп кіріп келді.



  • Балам, сен анау екі ініңді шақырт, сосын келіндерді алып, бәрің маған жиналыңдар. Шеше- леріңнің сендерге айтар өсиеті бар.


Мерғали құп алып, есіктен шыға бере таңдан- ған кейіпте шешесіне бұрылып бір қарады да, жоқ болды.


* * *


Арада көп уақыт өткен жоқ, Мерғали өз әйелін, көрші үйдегі екі інісі мен келіндерін шұбырта ертіп, бөлмеге кірді.


Есен-саулықтан соң алдыңғы бөлмеден орын- дықтар әкеліп, алтауы да шешесін қоршай жайғасты. Әлдебір үлкен әңгіменің боларын іштері сез- гендей, жүректері күпті, көңілдері алаң. Тұрғабыл


 


тұқшиып топ ортада қалған, молдаға берген баладай момақан. Орамалының ұшымен қайта-қайта көзінің суағарын сүрткен болады, бірдеңе іздегендей еденге телміріп сұлық отыр.



  • Балаларым, бәрің бері қараңдар! – деді Мағиза жиналғандарды көзімен сыдырта шолып. – Сендер жасырғанмен мен бәрін де сезіп-біліп жатыр- мын. Шешелеріңде көп ғұмыр қалған жоқ. Мойным- да қарыз кетпесін деп сендерді бүгін әдейі шақыртып отырмын.

  • Иә, апа, тыңдап отырмыз! – деп жиналғандар бірауыздан жамырай жауап қатты.

  • Тыңдасаңдар сол... Мына отырған Тұрғабыл ағаларыңды танисыңдар ма?

  • Әрине, танимыз! – деді ұлдары бас шұл- ғысып.

  • Ендеше айтайын... осы Тұрғабыл ағаларың сендердің үшеуіңнің де әкелерің болады.


Ұлдар шешесінің сөзін қағыс естігендей алды- мен үрпиісіп бір-біріне қарасты. Сосын таңғалған жанарлар ортадағы орындықта монтиған Тұрғабыл шалға қарай ауысты. Екі арада аз-кем аса қауіпті үнсіздік орнады. Кенет жөткірініп қалып, үнсіздікті Тұрғабылдың өзі бұзды.


Сол-ақ екен, іштерін тартып жасқана шыққан күңкілдер дабыр-дұбыр әңгімеге, дуылдаған таласқа ұласа бастады.


Келіннің бірі қуанышын жасыра алмай алақай- лап қол шапалақтап жіберді.


 


* * *


Түс ауа болған бұл әңгіме желді күнгі өрттей жайылып, кешке қарай тосын жаңалықты бүкіл ауыл естіді. Ертесінде көрші Мұталап ауылы да тайлы- таяғына дейін болған жайға құлақтанып үлгерді.


Бұл әңгімені естіген сәтте Сағымбике бәйбіше оны ауыл арасының піш-піш сөзіне балап, тіпті де сен- ген жоқ. Сенген кезде ойбай салып, ерін мойнына алып мөңкіді. Құдай қосқан күйеуінің арамдығын сезбей, осы жасына дейін адам емес, сұр жыланды бауырына басып келгенін айтып, зарлап қоя берді. Бөтен қа- тынға біреу емес, балпанақтай үш бала таптырғанын- ша тымпиып үндемей жүргеніне қан жұтып қарғап- сіленді. Қара басып күйеуінің осыншалық жексұрын, пасықтығын аңғармай, жымысқы жүрісі, түлкі жор- туылы барын сезбегеніне бармағын шайнап бақырды. Басқа да лағынет сөздерді бұрқыратып екпіндеп бара жатыр еді, ұрт мінездеу үлкен ұлы барқ етіп, тыйып тастады. Екі әйел алу қазақтың ежелгі салтында бар ғұрып, тіпті пайғамбар да төрт әйел алғанын шешесіне ақылмен ескертіп, басу айтты. Аспан айналып жерге түскен жоқ қой, ендеше бөрі тигендей бөрлікпей, бұл жағдайға қайта қуану керектігін ескертті. Туысқан табылды, ағалы-інілі болдық, бауырласып көбейіп жатырмыз, соған шүкір етейік деп шешесін сабырға шақырды. Осымен Сағымбике бәйбішенің үні өшті. Ал Тұрғабылдың кіндігінен тараған үш ұл мен үш қыз үлкенді-кішілі бастық ағайын тапқандарына бек қуанышты еді.


 


Қысқасы, үш күннен соң төтенше жағдайға бай- ланысты Мерғали өзінің екі інісін, Тұрғабылдың көрші ауылдағы үш ұлын шақыртып, өз үйінде құпия мәслихат құрды. Ендігі жерде мәселені ұзаққа созбай, ел ішін кеулеп бара жатқан қызыл сөзге тосқауыл қойып, қопа қардай қопсыған өсек-аяңға жол бермей, екі жақты ұлан-асыр той жасамаққа келісті.


Той содан кейінгі сенбі күні өтті.


Тойға алыс-жақындағы аламан ел, алқалы жұрт- тың баршасы жиналды. Ағайын-туыстың ақ батасы- мен бордақыда бағуда тұрған ақ боз жылқы сойыл- ды. Ауылдастары дәулетін тасытып, мерейін асырған ұлан-асыр қуаныштың куәсі болысты. Торқалы тойдың соңы мәні бөлек, сәні ерек думанды мерекеге ұласты. Тойдың төрінде, қос кемпірдің қасында салдай шал- қып Тұрғабыл шал отырды. Сағымбике мен Мағиза апалы-сіңлідей сырласып шалдың оң жағына жайғас- ты. Сырқаты меңдесе де, Мағиза салтанатты кейпінен айнымай, тойдың соңына дейін шыдап бақты. Тұрға- былдың бес ұлы келген меймандарға жатып жастық, иіліп төсек болып құрмет көрсетті. Келіндер мен қыз- дар шүлен таратып, сый-сияпат ұсынып, келгендердің отбастарына игілік пен береке, ұрпағына ризық тілесті. Туыс табудың қуанышына ортақтасқан көпшілік қа- уым айындылардың риясыз пейілдеріне шын кенеліп, тойдан түннің бір уағы болғанда әзер тарқасты.


Тойдың соңына дейін айнап-жайнап сыр берме- ген Мағиза сол бойда төсек тартып жатып қалды. Қайтып бас көтерген жоқ.


Арада айға толар-толмаста дүниеден өтті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу