04.01.2022
  5165


Автор: Жібек Ысқақова

Асыл жарым ғашықтар күнімен! (отағасына)

Асыл жарым, ғашығым, бар бақытым,
Күн арайын төгетін шапағатым.
Құтты болсын ғашықтар күні бүгін,
Жүрегімнің иесі махаббатым.

Он бесінші сәуір бұл ғашық етер,
Ғашықтарды бір-біріне асық етер.
Әр күн сайын асылым, отағасы,
Ғашық етер өзіне күннен бетер.

Ғашықтардың күнімен құттықтаймын,
Бүгінгі күн біз үшін ерекше күн.
Жазылмасын жұбымыз деп тілеймін,
Асыл жарым, сүйіктім ешқашан бір.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу