04.01.2022
  622


Автор: Жібек Ысқақова

Сүйіктім, махаббат күнімен! (жігітке)

Жүрегімнің үнісің соғып тұрар,
Ғашықтардың еліне апаратын.
Көңілімнің жырысың жаным құмар,
Өзіңменен ғашығым бақ табатын.

Ғашықтардың күнімен құттықтаймын,
Жүрегімнің иесі ғашығым сол.
Бір өзің деп соғады мендік жүрек,
Баға жетпес бағалым, асылым сол.

Он бесінші сәуір бұл дем береді,
Махаббатты сездіріп тым алыстан.
Сүйіктім-ау сүйіп өтед(і) сені мәңгі,
Бұл жүрегім лүпілдеп алып ұшқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу