04.01.2022
  239


Автор: Жібек Ысқақова

15 сәуір ғашықтар күнімен жаным (қызға)

Өмірімнің мәнісің жаным менің,
Жүрегіммен шырқалар әнім менің.
Нұрын шашып ататын әр күн сайын,
Арайлы да шуақты таңым менің.

Құтты болсын ғашықтар мерекесі,
Әр жыл сайын көктемде тойланатын.
Жүрегімнің жартысына сыйлық беріп,
Осы күні жан жадырап, жайланатын.

Жанымызға мереке нұр сыйлайды,
Қос жүрекке шаттықты үн сыйлайды.
Жүрегімнің иесімен бірге өткізер,
Таңғажайып керемет күн сыйлайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу