04.01.2022
  374


Автор: Жібек Ысқақова

Он бесінші сәуір, ғашықтар күнімен (жігітке)

Ғашықтардың еліне бір барайық,
Бірге жайнап, жадырап жанданайық.
Келіп жеткен бүгінгі мерекеде,
Біз екеуміз жүрекпен ән салайық.

Қозы менен Баяндай сезім жанып,
Пәк сезімнің бақытына бөленейік.
Төлеген мен Жібектей жүрек үндеп,
Махаббат айдынында тербелейік.

Он бесінші сәуір бұл ерекше күн,
Ғашықтардың мерекесі дем беретін.
Құтты болсын ғашықтар мерекесі,
Пәк сезімнің құшағында тербелетін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу