04.01.2022
  258


Автор: Жібек Ысқақова

Ғашықтар күнімен сүйіктім! (жігітке)

Ғашықтардың күні бүгін сүйіктім,
Құтты болсын ғашықтардың бұл күні.
Шын жүректен құттықтаймын өзіңді,
Сезіміміз жандансын деп әр күні.

Он бесінші сәуір ашты есігін,
Ғашықтардың үні тербеп бесігін.
Сыйластықта жүректері үн қатар,
Іштей айтып бір-бірінің есімін.

Сүйем сені, сүйіп өтем мәңгілік,
Жүрегіммен тербеп сені ән қылып.
Құттықтаймын ғашықтардың күнімен,
Бар әлемге «сүйемін» деп жар қылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу