04.01.2022
  13499


Автор: Жібек Ысқақова

Туған күніңмен, жан-жарым!

Бүгін сенің туған күнің жан-жарым,
Жеке меншік мерекең келіп жеткен.
Құтты болсын туған күнің бүгінгі,
Көңіліңді тербелеп бақытты еткен.

Аппақ қыстың айында туылдың сен,
Мінезің мен жүрегің аппақ қандай.
Ортамызда көңілді шаттықты етер,
Асыл жарым, сүйгенім тілің балдай.

Бар жақсыны тілеймін мен өзіңе,
Асыл жарым, сүйгенім аман бол деп.
Бақыттымын расында, шыныменен,
Жүрсең жаным егерде сен күлімдеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу