04.01.2022
  2816


Автор: Жібек Ысқақова

Жүрегімнің иесі, асыл жарым!

Жүрегімнің иесі, асыл жарым,
Мәңгілікке жайқалған жасыл бағым.
Құтты болсын мерекең жеке меншік,
Нұр сыйласын шаттықта атып таңың.

Ақ пейілді ақ қыстың айында сен,
Аштың жаным өмірдің бұл есігін.
Ата-анаңды қуантып асыл жарым,
Азан айтып қойылды бұл есімің.

Ақ жүректі ақ қардай мінезің бар,
Жақсылықты тілейтін барша адамға.
Мейірімді жан-жарым жүрегің бар,
Қуанышпен үн қатар қанша адамға.

Жаңа жасың бақытқа жетелесін,
Көңіліңде жайдары шаттық орнап.
Жаратқаным жар болсын бір өзіңе,
Жақсы күйді жақсыға тағы жалғап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу